- 58
Хикмет
баспа үйі
ЛӘЙЛӘНІ РЕНЖІТЕСІҢ
«Ей, сұлуым, бойымда сенен басқа жара-
тылыс қалған жоқ. Сондықтан бал теңізінде
сірке суы қалай жоқ болса, мен де сенде солай
жоқ боламын».
Хазіреті Мәуләнә
Бір күні Мәжнүн сағыныштан науқастанып, төсек тар-
тып, жатып қалды. Емдеу үшін бір емшіні шақыртты.
Дәрігер:
«Тамырдан қан алудан басқа шара жоқ!» - деп, қан алу
үшін Мәжнүннің қолын байлады. Қолына пышақты ала
бергенде, Мәжнүн айғай салды:
«Ей, дәрігер! Қан алмай-ақ қой! Ақыңды ал да, кет! Осы
аурудан өлсем өлейін, зияны жоқ. Бұл тозған тән өлсе, өле
берсін, не пайда?!»
Дәрігер таң қалған күйі Мәжнүннен:
«Сен шөлде күркіреген арыстаннан қорықпайсың, қан
алдырудан неге қорқасың?» - деп сұрайды.
Мәжнүн былай жауап берді:
«Мен пышақтан қорықпаймын.
Менің сабыр мен шыдамымның жартастардан құралған
таудан да артық екендігін бәрі біледі! Мен ештемеден
қорықпайтын және дүниеге қатысты сабаны да жоқ адам-
мын, Мына фәни тәнім жараланбаса, тынышталмайды!
Жара – ғашықтығымның дауасы, сондықтан жаралануға
қуана-қуана барамын.
Бірақ, менің тәнім Ләйләға толы, ішімде Ләйләдан басқа
ештеме жоқ! Осы қабық сияқты тәнім сол інжудің сипат-