Previous Page  55 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 282 Next Page
Page Background

- 56

Х

икмет

баспа

үйі

Киікті тура тұйыққа қамаған кезде, әлгі нәзік әрі сұлу жа-

нуар хал тілімен:

«Ей, Ибраһим! Сен осы үшін жаратылған жоқсың.

Аллаһ сені мені аулау үшін жоқтан бар қылды ма? Мені

аулаған кезде саған не түседі? Бір жанды өлтіруден басқа не

табасың?» - деді.

Ибраһим бин Әдһәм осы сөздерді естігенде, жүрегіне

сондай бір шоқ түсіп, сол сәтте аттан құлап түсті. Сахараға

қарай жүгіре бастады. Біраз уақыттан соң айналасына

қараса, сахарада бір шопаннан басқа ешкім көзіне түспеді.

Дереу шопанның қасына барып, жалынды:

«Мына үстімдегі гауһар тастарды, патшалық киімім-

ді, қаруым мен атымды алып, үстіңдегі шапаныңды маған

берсең қайтеді! Бірақ, ешкімге ештеңе айтпа!» - деді.

Шопан таңқалып қарап түрғанша шапанды киіп, көзден

ғайыпболды.Шопаноныңсоңынан: «Патшамызжынданған

шығар!» - деді. Алайда, Ибраһим бин Әдһәм, жынданбаған,

керісінше есін жинаған еді. Ол киік аулауға шыққан бола-

тын, бірақ Аллаһ Тағала оның өзін киікпен аулаған еді.

Аллаһ жәллә жәләлуһу Мәуләнә Хазіреттерінің есиет-

теріне көңіл бөлуді, мысалдарынан ғибрат алуды, Оның

рухани атмосферасына бөленуді барлығымызға нәсіп етсін!

Әмин!

Сол ұлы Аллаһ досы былай деді:

«Парасатты адамдар, жол көрсетуші сияқты, тура

жолғагүскендергепайдасынтигізеді.Ал,

жолғатүспегендерге

жол көрсетушінің пайдасы болмайтыны сияқтыжәне бұған

қоса ол ғапылдар оның қадірін білмейді!»

«Емші науқастарға шипа таратады, мұны басына іс

тускен науқастар жақсы біледі. Бірақ өлі адам дәрігердің

бағасы мен қадірін қалай түсінеді!»

«Өмір ертеңге созылған үміттермен өтіп жатыр, ғапыл

айғайлармен, таластармен, ізденістермен бітіп барады».