Previous Page  56 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 56 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 57

«Сен есіңді жиып, өміріңді бугінгі күн деп есепте! Көрқане,

бүгініңці де қандай іңкәрлікпен өткізіп жатырсың?»

«Кейде әмияның мен сандығыңды ақшаға толтыру

қайғысымен, кейде ішіп-жеу уайымымен, бұл әлсіз өмір өтіп

жатыр, берілген әрбір дем кеміп бара жатыр».

«Өлім бізді бір-бірден тартып алып жатыр. Оның айбы-

нынан ақылдардың түр-түсі өзгеріп, бозарып жатыр».

«Өлім жолымызда күтіп түр. Әпенді қыдыруға қол

қойған».

Өлім қас пен көздің арасында, бізге оны есімізге алғаннан

да жақын... Бірақ, ғапылдыққа салынғандардың ақылы қай

жерлерде жүр? Білмеймін!»

Шәйх Ғалиб, төмендегі шумағында адамның, иләһи

есімдердің іс жүзіндегі көрінісі әлемнің кішкентай түрі мен

оның асылы екендігін, әлемнің сырлытылсымдарынмагнит

сияқты жүрегіне жинай алатын

көңіл айнасы

қабілетінде

екендігін тамаша жеткізеді:

Жақсы қара өзіңе кішкентай әлемсің сен, Әлемнің

көзінің қарашағы болған адамсың сен.

(Ей Адам! Өзіңе көңіл көзімен дұрысхап қара, сен

әлемнің, яғнижаратылғандардың кішкентай үлгісісіңжәне

сен әлемнің көзінің қарашығы болған адамсың.)

Бірақ адам баласының әлемнің өзегі бола түра нәпсісіне

еріп, ең төменгі бір дәрежеге түсуі, адамдық қасиеті

түрғысынан құлдырауы турасында Хазіреті Мәуләнә былай

дейді:

«Ей, кеңіл бақшасының бұлбұлы! Егер байғыз болуға

тырыссаң үлкен қателік жасағаның! Ей, гүлстанның гүлі!

Егер сен тікен болуға тырыссаң, өзіңе зиян тигізесің!»

Уа, Раб! Бізге көңіл айнасынан ақиқат нүрларын, екі

дүниенің сырларын тамашалайтын көзіміз бен көңілімізді

осы дүниеде нұрға бөле, о дүниеде дидарыңа бөленсін!

Әмин!