Previous Page  53 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 53 / 282 Next Page
Page Background

- 54

Хикмет

баспа үйі

Хазіреті

Мәуләнә

(құддисә

сирруһ)

пайғамбар

мирасшыларының (әулиенің) тәрбиесіне кіруді нәпсінің

кедергісінен қүтылудың, хақиқат пен мағрифатқа жетудің

қажетті шарты ретінде былай дейді:

«Пышақ өз сабын басқа бір пышақсыз қалай жона ала-

ды? Сен жараларыңды көңіл дәрігеріне барып көрсет. Сен

оларды өз бетіңше емдей алмайсың».

«Дүниеуи сезімдер мен ойлардың саулығын дәрігерден,

адамдысоңсыздыккдкөтеретіниләһисезімдердіңсаулығын

кәміл-мүршидтен үйрен».

«Екі саусағыңның ұшымен екі көзіңді жап. Дүниеден

бір нәрсе көре аласың ба? Көрмесең, Бұл әлем жоқ емес.

Көрместіктің кемшілігі мен айыбы нәпсінің жағымсыз

екі саусағынан».

«Сен алдымен саусақтарыңды көзіңнен ал. Сосын

қалағаныңды көр. Адам көз ғана. Қалғаны батылдық. До-

сты көретінді ғана көз дейді».

«Құран Кәрім аяттары мен Хазіреті Пайғамбар хади-

стерін оқымас бұрын өзіңді жөнге сал. Гүл бақшасындағы

хош иісті сезбейтін болсаң, кемшілікті бақшадан емес, өз

көңілің мен өз мұрныңнан ізде».

«Құран Кәрімнің мағынасын тек әуесқойлығын отқа

жағып күл қылып (яғни нәпсі менмендігінжойған), осылай-

ша Құранның алдында еріп, құрбан болған, рухы Құранға

айналған адамдар ғана түсінеді»

.

Мәуләнә (құддисә сирруһ) фәна мәртебесіне қауышудың

сыры нақты мойынсүнуда екендігін былайша баяндайды:

«Теңіздің суы өзіне толықтай мойынсұнған өлікті

алақанында тербе-теді. Тірі және азғана күмәні бар адам

теңіздіңқолынанқалай аманқүтылады?Сол сияқты"Өлмей

тұрып, өліңдер" сыры бойынша, адами сипаттардан арылып

өлсең, сырлар теңізі сені алақанына салып, тербетеді».

Адамның жаратылу мақсаты - құлшылық пен Рабты

тану. Зат пен ақиқаттың сырына бойлаудыңжолымағрифат

теңізінің тамшысына қол жеткізуден басталады.