- 50
Хикмет
баспа үйі
Имам Ғазали Хазіреті ілімнің шыңындағы кезін былай
баяндайды:
«Ақыл»
және
шариғат
ілімдерімен
айналысып
жүргенмін. Көп шәкірттерім бар еді. Халімді ойладым.
Байқасам, көптеген пәлекеттердің ішінде қалыппын. Ілім-
дегі ниетімді ойладым. Аллаһ ризашылығы үшін емес, атақ-
абырой, мәртебе араласқан екен. Жойылуға шақ қалғаныма
көзім жетті. Шыңыраудың шетінде түрмын. Өз-өзіме:
«Қане, тездет, өмірің аяқталуға жақын. Жеткен ілімің
ақиқатқа айналмайтын болса, бір алдамшы ғана болып
қалады. Қазір қажетсіз байланыстарды үзіп, кедергілерді
жоймайтын болсаң, ақырың не болады?» - дедім.
Сол кезде бір халге тап болдым. Дүние мен дүниелік
адамдардан қашу және дүниелік қалаулар мен ақиреттік
қалаулардың арасында таң-тамаша болып, алты ай алай-
дүлей жылап күй кештім. Жүрегім сыздады. Әлсіздігімді
көріп, түсіндім. Еркімнің құлдырағандығын байқадым..
Дауасыз дертке, шарасыз науқасқа тап болган адамдай,
Аллаһқа жалынып, жалбарынып, мінәжәт еттім. Ақыры,
Нәміл сүресінің 62-аятында:
«Қиыншылыққа тап болған адам дұға еткен кезде,
оның дүғасын қабылдап, қиыншылыкты жойған»
- делін-
гені сияқты, Аллаһ Тағала дұғамды қабыл алып, жүрегімді
оятты. Ішімдегі мал-мүлік, мәртебе құмарлығы жойылды.
Бәрінен сырт айналдым.
Зікір, ұзләт, қылует, күрес, риязат, нәпсінің тазалығы
мен ахлақтың кемелдігімен айналыстым. Аллаһқа
қауышқандар мен һидайәт жолындағылардың, әсіресе та-
саввуфшы болған үлылар екендігін илмәл яқин арқылы
білдім. Еңтамаша мінез-құлық соларда. Өйткені, олардың
ішкі-сыртқы халдері пайғамбарлық нүрынан алынған. Жер
жүзінде пайғамбарлық нұрынан басқа нұр жоқ».
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді:
«Кімде-кім білімін арттырып, (сонымен қатар)
дүниеде зүһд-тақуалығын арттырмаса, (Ол тек) Аллаһқа