- 46
Хикмет
баспа үйі
Раббының үлы құдіретін көруі. Сондай-ақ Аллаһ Тағала бұл
ақиқатты уақ-уақ әр түрлі емтихандар арқылы құлдарына
ескертеді. Тіпті, айбынды салтанат пен байлық сыйлаған
пайғамбары Сүлейменді (аләйһиссәләм) де біраз уақыт жан-
сыз дене ретінде қалдырып, оған әлсіздігін білдірген. Аят
кәримәде адамға бағытталып былай дейді:
«Ештеңе емес кезде сені жараттым!»
(Мәриям, 9)
«СендергежеткеннығметАллаһтан. Сосын (әрі) сендерге
бір қиыншылықкелген кезде детексоған жалбарыныңдар»
.
(Нахл, 53)
Еш болу - адамның осы аяттарға ой жүгіртіп, түсінуі.
Өйтпесе адам өз ішіндегі нәпсінің тұзағына түсіп, Нәмруд
пен Перғауын сияқты тәңірмін дейтіндей ақымақтық пен
бақытсыздыққа тап болудан өзін сақтай алмайды. Сол үшін
тасаввуфта фәни болу халі (ештік сезімі) өте маңызды.
Бәязиди Бистами (құддисә сирруһ) еш болу халін мына
дұғасы арқылы қандай жақсы көрсетеді:
«Илайым! Менің мендігімді ортадан шығар, мендігім
сенде жоқ болсын, мен арада еш болайын! Өйткені, мен сені-
мен болған жағдайда барлығымен бірге болғаным деген сез.
Егер әркіммен бірге болсам, сенімен бірге бола алмаймын.
Бұл сенің жолыңда мен үшін ең үлкен кемшілігім мен ши-
кілігім болады».
Мұхаммед Ұфтаде Хазіреті өзіне байланған шәкірті
Азиз Махмұдтың абыройлы қазылық міндетінен келгендігі
үшін оған ең алдымен еш екендігін сездіру жолын таңдап
алып, Бурса базарында бауыр саттырумен қатар басқа
медреселердің әжетханасын тазалау қызметін де соған
жүктеген еді. Осылайша Махмуд қазы, патшаларға бағдар
беретіндей кемелдікке қол жеткізіп, ұстазы оған «һүдайи»
деп ат қойған.
Үлкен әулие Абдулқадир Гейлани Хазіреті сыртқы
ілімнің кемеліне жеткеннен кейін «ешке» қол жеткізу үшін
ұзақ уақыт Бағдаттың үйінділерінде өмір сүреді.