Previous Page  40 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 41

2. Асқазан мен жыныс қүмарлығына түсуден.

3. Білімнен кейін ғапылдыққа түсуден».

Білім - кітапқа тән нәрсе. Парасаттылық болса - оның ке-

мелденіп, тұлғаланған түрі.

Сол себепті білімді парасаттылыққа айналдырмай салих

амал жасамағандар үшін, таяз және бос қалу қаупі бар.

Әлемді көңіл көзімен тамашалағанда, ол нәзік мақсаттар

мен пәк хикметтер жиынтығы екендігі белгілі. Әлемнің

ғибрат көрмесі екендігі түсініледі. Қандай жағдайда да бұл

дүние - емтихан атмосферасына толы иман дәрісханасы.

Иләһи тәрбие мен басшылық үкім жүргізген бұл әлемде

бос нәрселер жолында жүріп, пәк сипатына нүқсан келтір-

гендер - шынайы бақыттылықтан мақрұм қалатын өмірдің

жетімектері. Әуесқойлықтың иірімінде тұншығып жоқ бо-

лады.

Ақиреттің міндетті түрде болатындығын білдіру үшін

Аллаһ (жәллә жәләлуһу) былай бұйырады:

«Жоқ! Біледі, кейін әлбетте түсінеді!»

(Нәбә, 4-5)

Пайғамбар жіберу, олардың тілімен, ілімімен, жол

көрсетуімен және ахлағымен адамзатты кемелденді-

ру сияқты көріністердің барлығы иләһи сыйлық пен

жомарттықтың көрінісі.

Адам өзіне және айналасына байыпты көзбен қараса:

«Анық және айқын күш пен салтанаттың алдында

ақиреттен ғапыл (бейхабар) өмір сүрудің күлкілі және оғаш

нәрсе» екендігін түсінетін болады.

Соңынойлағанәрбірақылдыадам,шексізқұмарлықтарға,

әуестіктерге, өткінші фәни алданыштарға шек қою, махаб-

батты иләһи мақсатқа бұру жаратылыс мақсатының шарты

болғандығын оңай түсінеді.

Мешіттер мен медреселердің қабырғаларына жазылған

«Хош қара, уа һу (Аллаһ)», «Бұл да өтер, уа һу», «Әдеп, уа

һу», ақыры «Еш» сездерінде қандай керемет ақиқат белгіле-

рі мен ескертулері бар.