Previous Page  37 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 282 Next Page
Page Background

- 38

Хикмет

баспа үйі

КӨҢІЛ АЙНАСЫНАН

«Көңілдерін әрлендіргендер, түрлі-түстен, иістен

құтылады. Әрбір демінде ізгілікті көреді. Олар ілімнің

қабығындағы нақышты тастап, айнәл-яқин

байрағын желбіреткендер».

Хазіреті Мәуләнә

Бір күні қытай суретшілері:

«Біз түрік суретшілерінен де ілгеріміз, өнерліміз,» - деп

мақтанады. Сонда осыған жауап ретінде түрік суретшілері

де:

«Жоқ, біз сендерден жоғарымыз. Біздің өнеріміз алда,»

- деп бұған қарсы шығады.

Мұны естіген Сұлтан суретшілерден емтихан алуға ше-

шім қабылдап, екі жаққа да:

«Бір-бірлеріңмен

таласқанды

қойып,

өнерлеріңді

көрсетіңдер!» - дейді.

Екі жақ та Сұлтанның ұсынысын қабыл алды. Бірақ

қытайлар өздерінің жасағандарын түріктер көшіріп алма-

сын деп, бөлмені қалың пердемен бөлді. Сұлтаннан түрлі-

түсті бояу сұрады.

Түрік суретшілері көп нәрсе талап еткен жоқ. Тек қана

қабырғадағы кірлерді кетіріп оны тегістеп, жарқырататын

бір нәрселерді алды. Түрлі-түстіден гөрі түссіз болуды

таңдады. Өйткені олар түссіздіктің артықшылығын білетін

еді. Осыншама көп түстің ақыры түссіздік екенін де білетін.

Өнер - түстің көптігінде емес, түссіздікті көрсете білуде.

Әйтпесе аспандағы Бұлттардың, дариядағы судың ез түстері

жоқ. Оларды әртүрлі түске бөлейтін аспандағы күн.