- 36
Хикмет
баспа үйі
мен жаксылықтың әсемдігі де пақыр және ғаріптер
арқылы белһлі болады,»
- дейді.
Сұлулар сұлулығы мен денесін тамашалау үшін айнаның
тұтқынында болады. Тіпті, арты көлеңке әйнектерге де
өздерін көру үшін қарап өтеді. Рухани және негізгі сүлулық
болып саналатын жомарттық та өзін бишаралардың,
пақырлардың көңіл айнасынан тамашалайды.
Және де Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді:
«Олай болса, пақырлар - иләһи мархабаттың, Рабба-
ни жомарттықгың айнасы. Хақпен бірге болғандар және
Хақжолында жанын салғандар үнемі жомарт болады».
Хазіреті Жәбирдің риуаяты бойынша Тәфсири Хазинде
былай делінеді:
«Кішкентай бір бала Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) құзырына келді. Анасының бір көйлек
сұрағанын жеткізді.
Сол кезде Расулұллаһтың (оаллаллаһу алейһи уәсәлләм)
үстіне киіп жүргенінен басқа көйлегі жоқ еді. Балаға басқа
кезде кел деді. Бала кетіп қалды. Қайта келіп, анасының
Хазіреті Пайғамбардың киіп жүрген көйлегін сұрағанын
айтты. Сонда Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм), өз бөлмесіне кіріп, үстіндегі көйлегіншешіп балаға
үсынды.
Сол кезде Біләл (радиаллаһу анһу) намаз уақыты кірген-
діктен азаншақыра бастады. Бірақ, Расулүллаһ (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) үстіне киетін ештеме таба алмағандықтан
жамағатқа бара алмады. Кейбір сахабалар не болғанын біл-
мек болып келіп, Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) кейлексіз екендігін көрді.
Байлық - аманат. Оның бақыты мен ләззатына жету, тек
қана пақырлардың ауыртпалығын сезініп, жүрегімізден
оларға мейірім мен мархабат терезесін ашу арқылы мүмкін
болады.