Previous Page  41 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 282 Next Page
Page Background

- 42

Хикмет

баспа үйі

�ُ� �َ�ْ

ر

�ُ�ْ

ش

�ُ�

(Хош қара, уа һу): «Ешбір мақұлыққа

зиян келтірме! Ешбір мақлұққа ренжіме!» - деген тәлім таза

жүректің сипаты осы. Шайыр мұны қандай тамаша жеткі-

зеді:

Жиһан бағындағы ей, ғашық, адамменжынның мақсаты

мынау; Не сен ешкімді ренжітпе, не сен ешкімге ренжіме!

Басқаша айтқанда, «себептер әлемінен шық, иләһи

мақсатқа разы бол!» - деген тәлім.

Бірақ, бұл хошкөру ісі - Раббтыңкешірімімен хошкөрген

нәрселері екендігін айта кету керек. Әйтпесе пасықтық пен

күнәға ешқашан хош қарауға болмайды! Өйткені ондай

істер - Раббыға қарсы иләһи азапты қажет ететін опасыздық

болып табылады.

�ُ� �َ�ْ

اَدَاب

(Бұл да өтер, уа һу) сөзі құлға былай дейді:

«Ей адам! Саған келген қайғылар мен қуаныштар - саған

қонақ. Оларды үнемі деп ойлама! Келген фәни қайғыларды

уайымдама, өйткені олар өткінші. Фәни қуаныштарға

да мәз болма, өйткені олар да өткінші. Яғни сен бір

мейманханасың, қайғылар мен қуаныш сенің өткінші бір-

неше күндік қонақтарың.

Қайғырып, уайымдауға себеп болатын мейманханадағы

заттар болса, олар тек сенікі ғана емес. Сенен кейінгілерге

де тән. Бейне бір мүра мүлкі сияқты, сол үшін олар туралы

қайғының дариясына түншығуға түрмайды!»

Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді:

«Ей Хақ жолаушысы! Қайғы, қасіретің бар болса қуан!

Олар жардың саған арнап әзірлеген табысу тұзағы. Өйткені

адам қайғы-қасіретке ұшыраған кезде Хаққа сиынып, Хақты

еске алады».

«Қайғы-қасірет – қазына. Сенің ауруың мен басыңа

түскен пәлекеттер мен ауыртпалықтар да - бір қазына».

«Сондай-ақ қайғы-қасірет - көңіл айнасының бетін-

дегі шаңын үрлейтін рухани самал, оны жаман дауылға

теңеме!»