- 44
Хикмет
баспа үйі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) байланысты. Аллаһ Тағала
Хұжурат сүресі мен басқа сүрелерде мүминдерге Аллаһ
Расулының (саплаллаһу алейһи уәсәлләм) алдында әдеп
сақтауды арнайы әмір етеді.
Бұл әдеп - ұстазға, әке-шешеге, мүминдерге және осылай
тізбектеліп, барлық мақлұқатқа созылады.
Суфиян Сәури
(құддисә сирруһ) былай дейді:
«Тамаша әдеп Аллаһ Тағаланың ашуын басады».
Ибн Аббас
(радиаллаһу анһу) былай дейді:
«Барлық әдептің басы - рахат кезде де, қиыншылықта да
Аллаһ Тағаланың әмірлеріне мойынсүнып, тиымдарынан
қашу». Және былай деген:
Үш қасиетке ие болған адам құр алақан қалмайды:
1. Жақсы әдепке ие болған,
2. Әдепті адамдармен бірге болған,
З. Басқаларға зиян келтірмеген.
Әдептің ерекшелігін шайыр қандай тамаша баяндаған:
Әдеп Кұдай нүрынан берілген бір тәж екен. Сол тәжді
киіп, бар бәледен аман бол!
Юнус Әмрә Хазіреті бұл ақиқатты былай тілге тиек етеді:
Ғылым мәжілістерінен талаптанып іздедім,
Ғылым артта, алдымен әдептілік қажет екен...
Осы мәселеге байланысты кейбір әулиелер тасаввуф
«әдептен тұрады» деп танымдаған.
Хатем-Әсам Хазіретінің мына мысалы өте ғибратты:
Зағип, қайғылы, көңілі құлазыған бір әйелмен сөйлесіп
отырады.
Әйел қайғысын қасіретпен баяндап жатқан, сол тебіреніс
кезінде өте жағымсыз бір дауыс шықты. Әйел шам сияқты
еріп, қиналып, күйреді. Тым-тырыс... Шәйх ескерткіштен
де сезімсіз бір айбынмен әйелге қарап:
«Айтқандарыңызды естімедім, құлағым әрең естиді, да-
уыстап сөйлеңіз, айқайлаңыз! Мен саңыраумын!» - деді.