Previous Page  38 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 38 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 39

Жұмыс біткен соң Сұлтан алдымен қытай суретшілерінің

бөлмесіне кірді, суреттерін ұнатты. Көрген түстердің салта-

наты мен әсемдігіне шын көңілден тәнті болды.

Кезектүріксуретшілерінекелгенкезде,оларортадағыпер-

дені алудыөтінді. Перде алынған кезде түрік суретшілерінің

тегістеп, айнадай етіп жалтыратқан қабырғадан жан тар-

тар сұлулық пен өнер көрінді. Негізінде оған шағылысқан

қытай суретшілерінің суреттері болатын, бірақ олардан да

жарық, әрі қаншама есе әсем көрінді. Осы тамаша көріністі

көріп, таң қалып, есінен танған Сұлтан Түрік суретшілерін

марапаттады.

Осылайша түрік суретшілері ешқандай сурет салмай-ақ,

тек қытай суретшілерінің туындыларын мыңдаған өнермен

жарқыратқан қабырға-да көрсеткендіктен, олардан да

өнерлі деп саналды.

МӘСНӘУИ:

«Ей Ұлым! Сопылар түрік суретшілері сияқты.

Олардың не жатталып қайталанатын сабағы, немесе кі-

таптары, не болмаса өнер көрсетуге ынталары жоқ. Яғни

олар сыртқы ілімдердің ауқымы ішінде қысылып қалмай,

түрдің (көріністің) кедергісінен құтылған.

Олар көңілдерін кәміл түрде жарқыратқан мөлдір айна

сияқгы тозаң-топырақ, кірлерден аулақ болған. Сол үшін

олардың көңіл айнасына ең шынайы әсемдік шағылысады.

Көрініс осындайтазажүрек айналарындаХа

ққа қауышқан

сопылық көңілдерде жарыққа шығады.

Олардың көңілдерін осы әсемдікке жеткізу үшін

тазартқан нәрселері - өштік, тәкәппарлық, менмендік,

әуесқойлық, көрсеқызарлық, ашкөздікпен басқа да дүниелік

құмарлықтар.

Аллаһ Тағала Мұсаға (аләйһиссәләм):

«Ей Мұса! Қолыңды қойныңа тық, кіршіксіз аппақ бо-

лып шықсын!» - деп бұйырған еді.