Previous Page  42 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 43

«Бұл ғашықтық жолында мені қайғыдан басқа ешкім

есіне алмайды, қайғы-қасіретке мыңдаған рет бәрекелді

(рахмет)».

Осы сырды түсінген шайыр жардан келген әрбір нәрседе

өзгеше бір нығмет бар екендігін, қайғы-қасіреттің езі

мыңдаған хикметке байланысты берілетіндігіне назар ау-

дарып, қайғы мен ауыртпалық емтиханының, жардың өз

жолында жан қиған шынайы ғашық пен барлық жетістігі -

көрсетушілік пен сөз ғана болған жасанды ғашықтарды бір-

бірінен айыру үшін әзірлеген, бір өлшемі екендігін баяндау

үшін былай дейді:

Жар бейнеті - бейнет емес бәрі зейнет, Жарды бейнет

қылады деген зейнетті емес!. Өйткені, халық арасында

қаһар сияқты көрінген қайғы-қасірет - Хақ ғашықтары

үшін иләһи сый. Қайғы-қасіретті көңіл Хақты көбірек еске

алады. Мойынсүну Бұлағынан қорек алады. Хақ Тағала осы

жақындығы үшін оларды арнайы сыйға бөлеп көңілдерін

шат қылады.

Хазіреті Мәуләнә осы ақиқатқа байланысты парасат

жолындағыларға былай деп ескертеді:

«Ей, бұлбұл! Қара қыс деп қашанғы зарлайсың? Ей,

бұлбұл! Тоқтамастан бейнетті айту дұрыс па? Егер

көңілің жарыңа расында да тәуелді болса, көзіңді ашып

шүкіршілік ет, зейнет туралы айт! Тікенді қой, гүл тура-

лы айт! Гүлдің сабағы мен тамыры туралы сипатгарын

таста, оның өзіне қара! Бұл фәни әлемге неге осыншама

көңіл бөлесің, әлде арғы жаққа барғың келмей ме?!»

�ُ� �َ� ْ

اَدَاب

(Әдеп, уа һу) сөзі - құлды қай жағынан болма-

сын әдепке шақырады.

Өйткені әдеп - ахлақтың шыңы. Тасаввуфтың

мақсаттарының бірі. Бұл шикі адамды ихсан сезімі арқылы

кәміл адам дәрежесіне көтеріп, Аллаһ алдында әдепті қылу,

бұл әдептің ең жоғарғысы. Екінші әдеп, Аллаһ Расулына