Хикмет
баспа үйі
- 47
Әулиелердің сұлтаны болған Шах Нақшибәнд (құддисә
сирруһ), тәкаппарлық пен менмендіктің антонимі еш болу
халіне жету үшін алғашқы тасаввуфты ұстанған жылда-
рында жеті жыл науқас адамдарға қызмет етіп, жеті жыл
мақлұқтардың жүретін жолын тазалаған.
Үлкен Аллаһ досы Шах Нақшибәнд Әмір Күлал
Хазіретінің тәрбиесінде өткізгенрухани сатыларменнәпсіні
тазарту күресін былайша баяндайды:
Ізденісте жүрген алғашқы күндердің бірінде ұлы
Аллаһтың сүйікті құлдарының бірі Әмир Күлал Хазіретіне
жолықтым. Сол кезде еліктеушілігім басым еді. Маған бы-
лай деді:
«Көңілді аула, әлсіздерге қызмет ет! Әлсіздер мен кеңілі
қаяулардықорға! Олархалықтан ешқандайпайда көрмейтін
адамдар. Сонымен қатар толық жүрек тыныштығы, кіші-
пейілділік, бәсеңдікте қалып қояды. Оларды іздеп тап!»
Осы қадірлі адамның бұйрығын ұстандым. Айтқан жо-
лында ұзақ уақыт еңбектендім.
Ол Аллаһ досы осыдан кейін маған хайуандарға қарауды
әмір етті. Олардың ауруын емдеуімді тапсырды. Жалғыз
өзім олардың жарасын таңып, тазалауымды және бұл істе-
рімді жақсы ниетпен, ықыласпен жасауыма кеңес берді.
Бұл қызметті де орындадым. Маған қалай айтса, солай
істедім. Осы кезде менің мендігім кетіп бара жатқанда бір
итті көрсем, сол жерде тоқтап, алдымен соның өтіп кетуін
қалайтын дәрежеге жетті. Одан бұрын қадам баспайтын
едім. Осылай жеті жыл жүрдім.
Осыдан кейін маған өз иттеріне адалдықпен, құрметпен
қарауымды және олардан көмек сұрауды бұйырды:
«Сол иттің біреуіне қызмет еткен кезде, үлкен
бақыттылық сезінесің,» - деді.
Оның бұл әмірін ғанибет деп білдім. Ешқандай қажыр
көрсетуденқолүзбедім. Оныңмеңзегенмағынасынтүсіндім,
берген сүйіншісін күтіп, бір итінің қасына бардым. Менде