Previous Page  48 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 49

«(Сол күні) оларды сендер өлтірген жоқсыңдар, олар-

ды Аллаһ өлтірді. (Ей Расулым) Атқан кезде Сен атқан

жоқсың, Аллаһ атты»

- (Әнфал, 17) деп бұйыруы, осы еш

болуды меңзейді.

Адамның қолындағы құдірет иләһи тағдыр шеңберінде

болады. Сол себепті ِ

��ِ�َ�ْ�

ِّ ا

�ِ�َ�ْ�

ِا

��ِ� �

�ِ

ةَ ا

�ُ�َ �َ

ْل َو

�َ�َ �

«Ұлы

Аллаһтан басқа (ешкімде) күш, қуат жоқ»

- делінген.

Өйткені, ежелде ешқандай нәрсе жаралмай тұрғанда, тек

Аллаһтың көмегімен жаратылған барлық жаратылыстың

қолындағы нәрселер, Раббысы тарапынан берілген. Сол

себепті абсолютті (күш) еркіндік, барлық оқиғаларды,

қүбылыстарды және мақлүқатты қамтып, шеңберіне ала-

ды. Бұл - ерік пен күштің негізі Жаратушыға тән деген

сөз. Бірақ, адам Бұл дүниеге сынақ үшін жіберілгендіктен

оған шектеулі еркіндік беріліп, адамға жақсылыққа да,

жамандыққа да қолайлы қабілет берілген. Қолдану күші

оның еркіне берілген.

Хазіреті Мәуләнә былай дейді:

«Осы бір-бірімізден үстем болуға үмтылуымыз не?

Нәтижесінде бәріміз бір сарайдың есігінде түрған жоқпыз

ба? Аллаһ: «Ей адамдар! Бәрің пақырсыңдар, бай тек мен-

мін!» - демей ме?!»

Юнус Әмрә Хазіреті мағрифаттың ақиқатын қандай та-

маша баяндайды:

Ілім, ілімді білу,

Ілім, өзіңді білу.

Сен өзіңді білмесең,

Бұл қандай оқу?!

Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді:

«Егер Аллаһтан қажетінше қорықсаңцар, онда шынайы

біліммен заттарды тани бастайсыңдар:

Егер Аллаһты лайықты түрде танысаңдар, дұғаларың

арқылы тау орнынан қозғалады».