Previous Page  54 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 54 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 55

т

Шынайықұлшылыққажетуүшіндүниеніңфәниәшекей,

атақ-абырой және өткінші құмарлығынан аулақ болу шарт.

Мысалы, Ибраһим бин Әдһәм Хазіретінің тақуалық жолына

бет бүруы мынадай ескертудің нәтижесінде болған:

Бір күні түн ортасыболатын. Ибраһим бинӘдһәм тағында

ұйықтаған болып жатқан еді. Бірден сарайының төбесінен

керемет бір айқай шықты. Бақырып, шақырған дауыс

барған сайын артып, ақырында сұлтанды оятты.

Ибраһим бинӘдһәм сұлтан тезірек орнынан тұрып, төбеге

қарап, айқай салды:

«Ол жерде кім бар? Түннің бұл сағатында төбеде не істеп

жүрсің?»

Алыстан бір жауап естілді:

«Сұлтаным, жоғалған түйемізді іздеп жүрміз!»

Ибраһим бин Әдһәм ашуланып:

«Төбеде қайдағы түйе, ей ақымақтар?!»

Ендігі жауап өте мәнді әрі үгіт сияқты болды:

«Ей Ибраһим бин Әдһәм! Сен төбеде түйе іздеуге болмай-

тынын білесің де, үстіңдегі жібек киімдер, басыңдағы тәжі,

қолыңдағы қамшы мен отырған тағыңда Хақты іздеп, таба

алмайтындығыңды білмейсің бе?!»

Бұл оқиға Ибраһим бин Әдһәмның ұзақ уақыттан бері ру-

хында басталған рухани тербелісін жиілетті. Ол таң-тамаша

болып, қауқарсыз қалды. Бірақ, сұлтан сол ескі өмірінен

толықтай қол үзе алмады.

Бірақ, Ибраһим бин Әдһәмға үйреншікті аңшылық ке-

зінде жолыққан екінші рухани ишарат пен ескерту оны

шынайы Хақ жолына салды. Бұл аңшылық оқиғасы былай

болған еді:

Бір күні Ибраһим бин Әдһәм Хазіреті аңға шығады. Бір

киіктің соңынан қуады. Тіпті әскерлерінен де көп ұзап ке-

теді. Аты қарасүмек болып терледі. Бірақ, Ибраһим бин

Әдһәм киікті атып алуға бел буғандықтан, еш тоқтамады.