Хикмет
баспа үйі
- 59
тарына толы. Сондықтан ей, дәрігер менің қанымды алып
жатып пышақты байқаусыз Ләйләға тигізіп алып, соны
жаралайсың да, Ләйләні ренжітерсің деп қорқамын.
Өйткені Ләйлә мен менің арамда айырмашылық жоқ
екендігін Аллаһтың қас құлдары жақсы біледі».
МӘСНӘУИ:
«Ғашықгық болмағанда, бұл әлем қайдан пайда болар
еді? Нан кдлай өзін саған жегізіп, сенің денеңе қосылып, сен
болар еді? Нан сол ғашықтықтың арқасында өзін саған бе-
ріп, саған жанын қиып, сен болғанын біл».
«Ғашықгық жансыз нанға да жан береді, фәни жанын
саған қосып, мәңгілікке айналады».
«Іші иләһи ғашықтық пен махаббатқа толмаған адам
нағыз бишара; бәлкім хайуаннан да төмен екендігін біл.
Өйткені Асхабы-Кәһфтің итіде ғашықтықты іздеп тау-
ып, рухани рахатқа қол жеткізді де, сол қас құлдарда фәни
болып, жәннатқа қол жеткізді».
Юнус Әмрә Хазіреті Мәжнүннің ыстық сезімінен
(ғашықтығынан) нәсіп алмақ болып, былай дейді:
Мәжнүннің Ләйләсі мен едім,
Рахманның диуанасы (ынтығы) мен едім,
Ләйләнің жүзін көруге Мәжнүн болғым келеді!
Фузули болса Мәжнүннен де жоғары дәрежеде ғашық
болғысы келетінін былай жеткізеді:
Менде Мәжнүннен де артық ғашықтық қабілеті бар.
Шынайы ғашық менмін Мәжнүннің тек аты ғана бар!
Көреген көзбен қарағандар барлық нәрсені, жаратылы-
сты ғашықтық пен махаббаттың көрінісі ретінде көреді.
Олар барлық жаратылысты ғашықтық мен махаббат-
тан туындаған деп санайды. Егер ең алдымен махаббат