Previous Page  59 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 282 Next Page
Page Background

- 60

Хикмет

баспа үйі

болмағанда, әлем жаратылмас еді. Арифтердің білетіні

жаратылыстың болуы - сол әзелгі махаббаттың нәтижесі

екені және Бұл әлем сол себепті Жаратылыс Нүры Хазі-

реті Мұхаммед Мұстафаға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

арналғаны.

Хадис құдсиде былай делінеді:َ

ِف

�ْ�ُ�َِ �ْ�َ�ْ�

ُا

�ْ�َ�َ�َ�َ

َف

�ْ�ُ

ُاَن ْا

�ْ�َ�ْ�َ�َ� � �

�ِ�ْ�ُ�

ًا

�ْ�َ�ُ �ْ�ُ�

«Мен жасырын бір қазына едім. Білінуімді қаладым

(мағрифатымды сүйдім) да (бұл) әлемді жараттым».

(И.

Хаққы Бурауи, Кәнзи-Махфи) Бұл сөзден барлық жараты-

лыс, әлем иләһи махаббатпен жаратылған-дығын түсінуге

болады. Аллаһ әрбіреуін өзінің өнері мен кемелдігіне дәлел

етіпжаратты. Осылайшажаратылыс ғажайыбы, яғни иләһи

өнер тамашасы адамның жаратылысы да, ғашықтық пен

махаббаттың нағыз көрінісі болды.

Юнус Әмрәнің ғашықтық туралы мына жолдарының

мәнділігі қандай тамаша:

Ғашықтық бізге имам, көңіл жамағат,

Достың жүзі құбыла үнемі намаз.

Сірә, Хақ ғашықтарының болмысы шынайы жарға толы

болады. Сондай-ақ ХаллажМансур шейіт болып, қаны жер-

ге жайылғанда "Аллаһ, Аллаһ" деген жазу пайда болды.

Фузули Ләйлә мен Мәжнүннің арасында фәнаға жетуде

айырмашылық жоқ екендігін Мәжнүннің сезімен былай ба-

яндайды:

Менде көрінген сенсің! Мен өзім жоқпын, бар болған

сенсің! Егер мен мен болсам, сен кімсің, ей, жар? Ал егер

сен сен болсаң, зарлаған мен кіммін? (Менде көрініс тапқан

сенсің, мен өзім жоқпын! Бәрі сенсің, егер мен бар болсам,

ей, сүйіктім, олай болса сен кімсің? Егер сен бар болсаң, ой-

байлап, зарын төккен мен кіммін?)

Юнус Әмрә, осы қүпия жұмбақты былай жеткізеді: