Previous Page  65 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 282 Next Page
Page Background

- 66

Хикмет

баспа үйі

Хазіреті Мәуләнә бұл жайында былай дейді:

«Махаббат лай суды тұндырады. Шынайы махаббат өлі

жүректерді тірілтеді, патшаларды да құл етеді!»

Алпыс үш жасында өзіне қабір сияқты жер қаздырып,

өмірі мен құлшылығын сол жерде жалғастырып:

«Мен осы жастан кейін жер бетінде өмір сүре алмай-

мын!» - деген, үлкен ғашықтық қаһарманы Қожа Ахмед Яс-

сауи, осы ұқсастық жолында аңызға айналғандардың бірі.

Өмір сүрген жері оның қүрметіне «Хазіреті Түркістан» деп

аталған.

Уәйсал Қарани Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) Ұхуд соғысында бір тісі сынғандығын

естігенде, қайсысы сынғандығын білмегені үшін барлық

тісі өзіне оғаш болып көрінді. Бәрін жұлдырып, ұқсастық

сырын бұзатын сол беймәлім тістің ауырлығынан құтылып,

барып жай тапты.

Ұхуд соғысында Динарүлдары тайпасынан бір әйелдің

күйеуі, інісі және әкесі шейіт болды. Үшеуінің де шейіт

болғанын естірткенде:

«СендермағанРасулұллаһтыкөрсетіңдер. Соныкөрейін»

- деді. Оған Расулұллаһты (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

көрсеткенде:

«Уа, Расулаллаһ! Сен аман болсаң маған басқа пәлекет

ештеме емес» - деді.

Өте қайғылы өмір сүріп, кейін мүсылман болып, Аллаһ

пен Расулына деген махаббатпен тыныштыққа жеткен

Ханса Хатунға Қадисия соғысында төрт ұлының шей-

іт болғандығын естірткенде ол үлкен бір иман кемелдігін

көрсетіп:

«Исламның жеңісі үшін төрт ұлым да пида!» - деп төрт

шейітке ана болу қуанышымен Аллаһқа шүкіршілік етті.

Бәзми әлем Уалидә Сұлтан:

Махаббаттан Мұхаммед болды пайда,

Мұхаммедсіз махаббаттан не пайда?