- 40
Хикмет
баспа үйі
Мұса (аләйһиссәләм) осы бүйрықты орындағанда,
қолының күн сияқты әппақ болғанын және нүр шашып
түрғанын көреді. Өйткені Хазіреті Мұсаның көңіл айна-
сына ғайып әлемінің ушы-қиырсыз жәнө бейнесіз шексіздігі
шағылыскдн еді. ЯғниХазіретіМұса (аләйһиссәләм) қолын
иләһи өнерді көруден басқа барлық нәрседен аулақ тұтып,
жүрегінің үстінө қойған кезде, қолы көрініс нұрларымен
жарқыраған жарық шеңберіне айналған еді.
Мұсаның (аләйһиссәләм) көңіліне шағылысқан ұшы-
қиырсыз шексіздік, шындығында, көкке де, жерге де,
теңіздерге де сыймайды. Өйткені Бұл айтылғандардың,
өлшемі бар. Алайда, шексіз нәрсенің, шекті нәрсеге сыюы
мүмкін емес. Сондықтан шегі жоқ зат пен сипат, тек
көңіл айнасына ғана шағылысады. Өйткені көңіл айнасы
да, өзіне шағылысқан әсемдік пен иләһи сырлар сияқты
шексіз. Раббтың көріністеріне толған көңіл айнасы - шек-
сіз, сансыз шексіздіктің көрініс табатын орны.
КөңілдерінАллаһқадегенғашықгықпенжарқыратқандар
ол жерде әрбір сәт басқаша әсемдіктің шағылысқанын
көреді, әр сәт сайын Аллаһтың сансыз құдірет ағысының
біріне куә болады. Яғни, өздерінде жасырын түрде орын
алған «ахсәни-тақуим» ақиқатына көз жеткізеді. Өйткені
олар біздің әсемдігіне жүгінген жалған түстер мен иістерді
артқа тастаған.
Өйткені олар мағрифатұллаһқа қол жеткізген. Дүние
ілімдерінің қабығындағы нақышты тастап, «айнәл-яқин»
байрағын көтергендіктен, олар осының нәтижесінде
«хаққал-яқин» мәртебесіне жетіп, иләһи шексіздікті сол
жерден тамашалайды.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бы-
лай дейді:
«Менен кейін үмбетім хақында үш нәрседен
қорқамын:
1. Әуестік пен қүмарлыққа салынудан,