Previous Page  33 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 282 Next Page
Page Background

- 34

Хикмет

баспа үйі

Бұл арнайы дастарханда ең үлкен нәсіп «жәннат» және

«рү'йәт-жәмәлүллаһ», яғни Аллаһ Тағаланы толған айды

көргендей көру нығметі бар. Адам - барлық иләһи есімдердің

кәміл көрінісі болғандықтан үлкен әлемнің кішкентай

үлгісі. Оның топырақтан жасалған түрі -жаратылысының

сыртқы көрінісі. Фәни көрінісі. Шынайы жаратылысы -

сырлар, нұр мен иләһи ақиқаттың жасырын қазынасы.

Адамның қасиетті сипаты осы. Жаратылыс мақсатына сай

мағрифат теңізінен нәсіп алуы осыған байланысты.

Көбелектің жануға бел буып, жарыққа ынтықтығы

сияқты, Халлаж Мансур да сыр теңізінің толқынында фәни

жаратылысын жоқ етуге қадам басты. Иләһи көріністермен

өзін жағып жіберді. Рухы өсіп, фәйізге толғанда, нәпсісі

әлсіреп, бітетін жеріне жетті. Өзіне өзі оғаш (бөтен) бола ба-

стады, одан қүтылуға тырысты. Көп, ауыр көріністерге шы-

дай алмады. Мастыққа бой алдырып:

«Достар, мені елтіріңдер! Өйткені менің мәңгілік өмірім

өлімде» - деді.

Таспен атылған кезде оны жаралаған жалғыз нәрсе -

досының оған лақтырған бір қалампыры болды. Осындай

дүниеуи көңіл мен жылы жүз оған ауыр тиді.

Басқаша айтқанда, Бұл жағдай фәни жаратылыстың

мәңгілік жаратылысқа ынтық болып, құлдың өлімсіздікке

қауышуы.

Теңізге тамған тамшы болмысының суда жоқ болып кете-

тіні сияқты, теңізге шомылған адам да судан басқа ештеңе

көрмейді.

Осы мәртебеге жеткендер барлық нәрсені, тіпті өзін де

Хақ деп біледі. Бірақ Бұл ерекше өткінші бір хал. Ол хал

еткен соң «Хақ өзінше Хақ, заттар өзінше зат» болады.

Хадис шәрифте бұл халге мынадай мысал беріледі:

«Жер бетінде тірі жүрген өліні көргісі келген адам Әбу

Бәкірге қарасын!»

Мархабат пен әділдікте аты аңызға айналған Хазіреті