Хикмет
баспа үйі
- 31
парасаттылық суында болғандығын білмейтін еді. Бұл тек
мағрифат дариясынан алынған несібеге байланысты мәселе.
Екінші жағынан хикаядағы «Халифа есігі» - «Аллаһтың
қүзырын» тәмсіл етеді.
Мүмин қаншалықты білімді, парасатты, бай әрі
құлшылыққаиеболсада,осымүмкіндіктерменқасиеттеріне
алданбауы және сенбеуі керек. Осы құндылықтардың
барлығын Раббысының сыйы деп біліп, жеке істерінің
(құлшылықтарының) да Дижләнің қасындағы бір шелек су
екендігін үмытпағаны жөн.
Шөлдегі бәдәуидің мыңдаған қиыншылықпен шөлден
жинап Халифаға ұсынған бір шелек суы, ол үшін өмір нәрі
еді. Алайда, Дижләға құйылғанда жоқ болып кетті:
Адам
баласының
адами
мүмкіндіктер
арқылы
шындығына жетуге тырысқан иләһи тәртіп пен олардан
түсінері, олардыңнегізгі ақиқатыныңқасындаДижләніңбір
тамшысы да болмайды. Хикаядағы айтылған су құйылған
ыдыс - біздің кішкентай ғана мағлұматтарымыз. Біз тек
Аллаһтың шексіз Дижләсынан бейхабар болғанымыздан, өз
мағлұматымызды өте кең, ауқымды деп ойлаймыз. Бұл бір
құмырсқаның өзінің кішкентай ұясын немесе бір балықтың
кішкентай аквариумын үлкен бір әлем деп ойлайтыны
сияқты.
Адамның ғапылдығының салдарынан өз ергежейлілігі-
не қарамай, бейне бір дәудің айнасының өтірігіне алданып,
тәмсілдегі құмырсқа мен балықтың жағдайына ұшырауы,
қандай үлкен алданушылық.
Тек "болмыс ыдысын" тасқа үрған Хақ ғашықтары, сол
ыдысты сындыру арқылы оны одан да берік әрі кәміл халге
айналдырады, бос, көлеңке жаратылыстардың құлдығынан
қүтылады.
Сірә жаратылыс ыдысы сынған соң, ішіндегі суы сүзіліп,
тұнып, мелдір болады да, рухқа сәуле шашады. Яғни,
сынған соң барып ерекше көріністер пайда болады.