- 32
Хикмет
баспа үйі
Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Раббым сені мадақтаймын, сен кемшіліктерден пәксің.
Біз сені -саған лайық түрде тани алмадық»
- деген.
Пәк үмметтің үлкен ғалымдары да әлсіздіктерін мойын-
даудан бас тартпаған. Бір күні Халифа Һарун Рашид Имам
Әбу Юсуфтан бір мәселені сұрайды.
Имам Әбу Юсуф:
«Білмеймін» - деп жауап береді.
Халифаның көмекшісі Имам Әбу Юсуфқа:
«Айлығыңыз бен жалақыңыз бола тұра білмеймін дей-
сіз!» - дейді.
Сонда Имам Әбу Юсуф жауап ретінде:
«Менің айлығым біліміме қарай. Егер надандығыма
қарай болса қазына жетпейтін еді» - дейді. Ғұлама Имам
Ғазали де:
«Білгендеріммен
салыстырғанда
білмейтіндерімді
аяғымның астына қойсам, басым көкке тиер еді,» - деп
әлсіздігін мойындап, қарапайымдылық танытқан. Бұл
үлкен адамдар, білетіндерін емес, білмейтіндерінің көптігін
мойындаудан бас тартпаған.
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ілімнің
пәлекет және сәлемет сатыларын былай баяндайды:
«Ілім үш қарыс. Бірінші қарысқа жеткен адам (қол
жеткізген азғантай мағлуматына өзі тәнті болып)
тәкәппарлық пен менмендікке салынады. Екінші қарысқа
жеткен адам (иләһи құдірет пен салтанаттың алдында)
таң қалады. Үшінші қарысқа жеткен адам болса (Хақ
Тағаланың шексіз ілімінің парқын түсініп, өзінің сол шек-
сіз ілімінің кдсында ештеме) білмейтіндігін түсінеді».
Адам баласының сүйенбекші болған амалдарына мән бе-
руі - Дижләнің қасында бір шелек су емес пе?
Аллаһ сақтасын, қою Бұлттың күн сәулесіне кедергі бо-
латындайжүрекшайтанға тап болғанжағдайда, Рахманның