Хикмет
баспа үйі
- 27
Ей, ханым! Молшылыққа үйренуден жаман нәрсе жоқ.
Өйткені, үйренген нәрседен айырылу, қиын болады. Де-
несіне табынған, яғни нәпсісінің әр қалауын орындаған
адамның жаны тәтті болып кетеді, уақыты келіп, тәслім ет-
кенде, қатты қиналады. Сен осыны түсініп, басыма келетін
нәрсені қиындатпа!
Ей, Ханым! Жас кезіңде қанағатты едің, қартайдың
тойымсыздығың артты, алтын қалайсың. Алайда, сен
бұрын алтыннан да қымбат едің. Теңдесің, ұқсасың жоқ
еді. Саған не болды, бұрынғы халіңнен айырылып, фәни де
өткінші нәрселерді сұрай бастадың?» Әйелі бұған құлак,
аспай, одан бетер ашуланды. Ол: «Ей, намыстан басқаны ой-
ламайтын адам. Сенің жылтырақ сөздеріңнен жалықтым.
Жағдайымызға қарап, ұял! Маған қанағат туралы ай-
тып, тәкәппарланасың. Осылай қай кезге дейін тұрамыз?
Сен қанағаттықпен жаныңды қашан нұрландырдың? Сен
аштықтан ұшып жүрген шегірткенің тамырын жаруға
тырысып жүргенде, қайтіп бай ауқаттылармен иық тіре-
суге тырысасың? Маған қорлықпен қарама, сенің ішіңде
не барын, қандай жамандықтың жатқандығын айтпай-ақ
қояйын. Ғапыл қасқыр сияқты шаппа! Сен сияқты, адам-
ды ұятқа қалдыратын ақылға ие болғаннан ақылсыз болған
артық» - деді. Күйеуі байыппен жауап қатты:
«Сенәйелсіңбе, әлдеуайымқапшығысыңба?Кедейлігіме
мен мақтанамын. Бетіме баспа! Мал-мүлік пен ақша бастағы
малақай сияқты. Малақайға жүгінген адам таз. Бай деген -
құлағына дейін айыпқа батқан адам, малымен айыбын жа-
бады. Жоқшылық - сен түсінетін нәрсе емес. Пайғамбарлар
мен әулиелердің нығмет деп түсінген пақырлығын төмен са-
нама! Осы жұпыны халіммен Раббыма жақынырак, болып,
басқаша олжаға кенелемін. Аллаһ бетін ары қылсын, менің
дүниеге деген қызығушылығым жоқ. Көңілімде қанағат
басым. Ей, әйел! Кейіме, ұрыспа! Оны тастамайтын болсаң
тым болмаса мені таста! Менің ұрсысуға шамам жоқ. Соғыс