Previous Page  21 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 282 Next Page
Page Background

- 22

Хикмет

баспа үйі

аләйһи уә сәлләм) мүбәрәк әрі нұрлы жолының

топырағымын.

Бір адам осы сөздерімнен басқа сөз айтса ол сөзден де, ол

адамнан да аулақпын».

Үлкен әулие өлім кешін «шәби арус» (той кеші), яғни

дүние жырақтығынан құтылу, қауышу түрінде танымдай-

ды. Өлімнің - рухтың еркіндікке қауышып, шынайы елім-

сіздік пен мәңгілікке сапар шегу екендігін, мына жолдары

арқылы қандай тамаша баяндайды:

«Өлген күні табытымды алып бара жатқанда менде бұл

дүние уайымы қалды деп ойлама!»

«Мен үшін жылап, әттеген-ай, «па, па!» деме! Маған

топырақ салғанда да «қош, қош!» деп айтпа!»

«Қабір бір перде ғана, оның артында жәннәттың шат-

тыгы бар!»

«Батуды көрдің емес пе! Шығуды да тамашала! Күн

мен айдың батуынан оларға ешқандай зиян бар ма!»

«Жерге қандай тұқым егіп ол шықпай қалды деп уайым-

дама! Адам дәні өспейді деп ойлама!»

«Топыраққа қойылдым деп ойлама! Аяғымның астында

жеті қат көк бар».

Осылай деген Хазіреті Мәуләнәның рухы еш күмәнсіз,

жеті қат көкген асып, Раббысының жолында пида болған.

Хазіреті Мәуләнә тағы бір шумақтарында былай дейді:

«Ей, жан! Сенде осы топырақ пердесімен жабылған жа-

сырын өмір бар. Осы жерде ғайып әлемінде жасырылған

жүздеген Юсуф сияқты сұлулар бар».

«Бұл тән бейнесі, яғни дене, топыраққа құрбан етілген

кезде, сол жан бейнесі қалады».

«Ол тән бейнесі фәни, жан бейнесі болса мәңгілік».

«Өлім, рухтың баскд бір әлемде туу оқиғасының белгісі

екендігін біл. Яғни бұл фәни әлем үшін өлім деп аталады,

бірақ мәңгілік әлемдегі аты туу!».