Previous Page  25 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 282 Next Page
Page Background

- 26

Хикмет

баспа үйі

БІР ҚҰМЫРА СУ

«Сұлулар, мөлдір де тұнык, айна

іздегені сияқты, жомарттық та пақыр

да әлсіз адамдарды қалайды. Сұлулардың

жүзі айнада сұлу көрінеді, нығмет пен

сыйдың әдемілігіде пақыр мен ғаріптер

арқылы белгілі болады».

Хазіреті Мәуләнә

Бір пақыр бәдәуи әйелімен шөл дападағы лашықта

тұратын еді. Бір түні әйелі:

«Барлықтаршылық,қиыншылықтыбізтартыпотырмыз.

Бәрінің өмірі молшылықпен өтіп жатыр. Тек біз ғана кедей-

міз. Нанымыз жоқ, қатығымыз қайғы. Құманымыз жоқ,

суымыз көздің жасы. Күндіз киіміміз күн, түнде төсегіміз

бен көрпеміз айдың жарығы. Аш болғанымыз үшін толған

айды нан деп ойлап, аспанға жүгіреміз. Жоқшылықтан ауа-

да ұшқан шыбынның қанын сорамыз. Біздің халіміз Бұлай

не болады?» - деп шерін төкті.

Бәдәуи былай деп жауап берді:

«Ей әйел, қашанғы дүние - мал іздейсің? Осы дүниеде

қанша өміріміз қалды? Ақылды адам ризықтың аз-көбіне

қарамайды. Өйткені, екеуі де өткінші, сел сияқты ағып ке-

теді.

Көңіліміздегі дүниелік уайым-қайғы, біздің бол-

мысымыздың тойымсыздығынан туындайтындығын біл.

Аллаһтың мүлкінде өмір сүріп жатырмыз. Оның берген

ризықтарымен қоректенеміз. Қанағаттан да жақсы байлық

бола ма? Мынау былай, анау солай деп айту шайтанның іші-

мізге салған бос уәсуәсалары.