Previous Page  23 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 282 Next Page
Page Background

- 24

Хикмет

баспа үйі

Ғашықтықтың жолында шам сияқты ерігендер, жұпар

сияқты хош иіс аңқытады».

Хазіреті Мәуләнә осылайшажан еркімен күлімдеп, осы

әлемнен ғайып әлемге көшіп, өмір бойы сағыныш отына

өртене күткен той кешіне, шәби арусқа қауышқан.

Жамағаты оның соңынан нөсердей көз жастарын төгіп

жатқанда, сол қауышу жолаушысының табыты да ерін

болған еді. Өз түсінде солған гүл сияқты күлімсіреді.

СұлтанУәләдИбтиданамәсінде әкесініңжаназакөрінісін

былайша баяндайды:

«Һижрәттің 672 жылы (милади 1273 ж) ұлы Сұлтан о

дүниеге көшті. Көздер жасқа толды. Көңіл қайғыға батты.

Мұсылман емес ауылдарда қайғыға баткдн еді. Әрбір пәк

адам оған адал, әрбір ұлт оған ғашық еді.

Халық:

«Ол Хазіреті Пайғамбардың нұры мен сыры еді.

Абзалдықтың шексіз теңізі еді» - десті.

Сол күні барлығының жаны күйзелді. Барлық ел үлкен

қайғымен: «Ол бір қазына еді. Топыраққа жасырындың-

деді».

Ефлакидің айтуынша Мәуләнә Хазіретінің сыртқы табы-

ты халықтың көптігінен алты рет жаңартылды. Және жана-

засы бесін намазында шықса да, қабіріне екінті намазынан

кейін әрең дегенде жетті. Табиб Әкмәлүддин халыққа:

«Әдепке мойынсұныңдар! Табытты көтеру міндеттеріңді

тыныш, құрметпен орындаңдар! Бұл нағыз шәйхтардың

сұлтаны Мәуләнә еді; ол мәңгілік әлемге көшті» - деді.

Өсиеті бойынша жаназа намазын оқыту үшін Шәйх Са-

дреддин Конеуи табыттың алдына барғанда, әсерленіп,

еңіреп қоя берді. Есінен айырылғандай болды. Қолтығынан

көтеріп оны кейін тартты. Оның орнына Қазы Сиражүддин

намазын оқытты.