Previous Page  19 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 282 Next Page
Page Background

- 20

Хикмет

баспа үйі

ханияты артып, сезімі лаулайды және сыбызғы оған шипа

береді».

Хазіреті Мәуләнә Мәснәуи кітабында «сыбызғыны

тыңдағандардың оның үні арқылы пәк сезімдерге жетуін

қалайды. Рубаятында былай дейді:

«Сыбызғынытыңда, не айтатынына құлақ сал! Аллаһтың

жасырын сырларын паш етеді. Өңі сарғайып, іші бозарып,

басы кесілсе де сырнайшыныңдеміне тәуелдібола түра тіл-

сіз, сөзсізжар салып, «Аллаһ, Аллаһ» - дейді».

Ғашықтық пен махаббат отына күйген Хақ ерлерін

бейнелейтін сыбызғы - ішінде пәк бір ғашықтықтың оты

лаулаған аспан.

Өйткені ол өзі өскен қамыс арасынан кесіліп алынып,

бауыры отпен күйдіріліп тесілген. Басына, аяғына, тіпті

тесіктерініңарасынаметалкедергілерменсымдар тағылған,

яғни кісенделген, сол себепті де қурап, бет-бейнесі солып,

сарғайып кеткен.

Сол себепті сыбызғы хал тілімен былай дейді:

«Мен бұрын қамыс арасында едім. Тамырым мен көңілім

суда, топырақта болатын. Олжерде назданып тербеліп, әрбір

ескен желге бағынушы едім. Бірақ бір күні мені қамыстың

арасынан кесіп алды. Тәнімді ғашықтық отымен құрғатып,

тесті. Денемді жаралады. Сосын мені керемет демі бар

адамның қолына берді. Оның ыстық, ғашықтық демі менің

ішімнен етті. Бұл дем ішімдегі ғашықтықтан басқаның

бәрін жағып күл қылды. Мені баурап алды. Егіліп жылай

бастадым. Ішімнен шыққан бұл айғай барлық сырымды

паш етті.

Қысқасы, менің сырларым әуенге айналды. Бірақ көзі,

құлағы және көңілі перделі дамдар менің бұл сырымнан

бейхабар».

Адам да дәл солай.

Ол иләһи әлемдегі орнынан осы дүниеге әкелініп,

адамдық санатқа қосылып, сағыныш отына күйіп, жүрегі

қарс айырылған.