Хикмет
баспа үйі
Құл «фәнә филләһта» нәпсілік болмысынжойып, барлық
құмарлықтарынан құтылады. «Бәқа биллаһта» болса,
Аллаһтың көңілдегі көрінісін сезінеді. Бұл мәртебеге жет-
кен құлдың жүрегінде тек Аллаһтың нұры жарқырайды.
Адам деген кім?
Ол - адами түсініктің тек себептер
мен сылтауларға сүйене отырып, түсінуге тырысқан
Раббысының айбынды ақиқаттарынан осы күрделі әлемге
түскен көріністің өзегі. Өзгеше көріністегі бір әлем! Жан-
ды Құран. Бірақ өзінің ақиқаттарына салыстырғанда жоқ
деп саналатындай кішкентай бөлшегінің ғана ашылып,
түсінілетін жаратылыс.
Рабтың ерекше сыйларының бірі, кейбір адамдарға
өзінің болмысы мен ұлылығының көкжиегіне самғайтын
қабілет пен ерекше қасиет беріліп және оларға осы сапар-
да жол көрсетушілер жіберіледі. Бұлар - адамзат әлемінің
жүздеген жылдар бойғы қарапайым оқиғаларын жасыра
алмаған ерекше тұлғалар. Міне Шәмс де Мәуләнәны осы
сапарға шығарған жол көрсетуші. Мәуләнә болса басында
да, рухында орын алған және кейіннен түсінуге қол жеткіз-
ген осы ләдүн (жасырын) өлемінің алғашқыжол сілтеушісін
адалдық сезімі арқылы емір бойы үмытпаған. Әйтпесе оны
баяғыда артқа қалдырған еді. Бәлкім осыдан кейін Шәмс
бір мүрит (шәкірт) дәрежесінде еді.
Мөуленә Хазіреті Шәмспен Конияда қырық жасында
кездескен еді. Оның осы кездесуден бұрынғы халімен оны
екінші Ғазали деп сипаттауға болады.
Хазіреті Юнус, Хазіреті Мәуләнә хақында былай дейді:
Жүрек сұлтаны Мәуләнә-
Бізге назар салғалы,
Көңіл айнамыз ашылып,
Таса жері қалмады.
Мәуләнә Хазіреті алғашқы кезеңінде тек қана фақих еді.
Заңгер еді. Өте көп шәкірттері бар еді. Ауқатты, бай адам
еді. ОлШәмспен жолыққаннан кейін бұрынғыдан да мықты
- 15 -