Previous Page  13 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

тоймады. Шөлдегеннің үстіне шөлдеп, ішкен сайын шөлі

қанбады. Сәт сайын бір халден екінші бір халге көтеріліп,

әрбір көтерілген сайын алдыңғы халіне тәубе етті. Сондай-ақ:

«Мен күніне жетпіс рет

( бір риуаяттажүз рет

) тәубе

етемін!»

- деген.

Өйткені Ол ұлы Жаратушысына әрбір сәт жақындай

түсуді қалады. Өйткені ынтасы шексіз, құл мен Рабб

арасындағы қашықтық та шексіз еді. Сол себепті көбіне

:

«Уа Раббым, Сені қажетінше, лайыкты түрде тани

алмадым. Саған лайықгы түрде құлшылық ете алма-

дым» - деп мінәжат ететін».

Шәмстің міндеті - алдындағы адамның түсінігін, ру-

хани тереңдігін, сыртқы іліммен жете алмайтын осынау

мәртебеге көтеру еді. Сол үшін естіген жауабы арқылы ұлы

мақсатына жеткен адамдардың үлкен шаттығын сезініп, есі

шығып қуанады. Осылайша екі руханият жұлдызының ара-

сында өмір бойы жалғасатын нүрлы байланыс орнайды.

Осыдан кейін Мәуләнә Хазіретінің рухындағы руха-

ни теңіз тынымсыз толқи бастайды. Сол сәтте бейне бір

сіріңкемен мұнай теңізі жағылғандай Мәуләнәның кеңілі

алаулай жанады. Шәмс Тәбризи осылайша Мәуләнәның

көңіліне от қояды, бірақ алауының ішінде өзі де жанатын-

дай үлкен жарылысқа тап болады. Енді түсініктер мен не-

сібелер бірлеседі.

Осы оқиғадан соң алдында толықтай зүһд жолымен

ғибадат жасап, тыныш ұстаз ғана болып жүрген Хазіреті

Мәуләнәның рухани қуаты бірден ішіне сыймай шынайы -

шабытпен өмір сүргенін көреміз. Шәмс Тәбризидің міндеті

де осы, руханият теңізіне от қою еді.

Сондай-ақ

Хазіреті

Мәуләнә

(құддисә

сирруһ)

ғашықтыққа, ынта мен шабытқа толы өмірін үш сөзбен

және үш сатыда былайша баяндайды:

«Шикі едім, пістім, жандым!»

Соңғы саты тасаввуфта «фәнә филләһ» және «бәқа

билләһ» деп аталады.

- 14 -