Хикмет
баспа үйі
мадым. Келген есігімнен қайта шығып кеттім».
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) Мәснәуиде бір-бірі-
мен тығыз байланысты жүздеген хикаяларды баяндағанда
ақылға салып, салыстыру арқылы адамдардың сол хикая-
лардан сабақ алуын мақсат еткен. Яғни ол адамның түсінуі
қиын болған метафизикалық оқиғаларды көзге керсеткен.
Әйтпесе оның мақсаты - адамдарға кейбір тәмсілдерді баян-
дау емес. Мұны өзі былай деп жеткізеді.
«Мақсат - қиссадан сабақ алу; әйтпесе саған хикая айту
емес!.».
Насихатын, кеңесі мен ескертулерін хикаялармен
түсіндіргенХазіретіМәуләнә баяндағанқиссаларыныңаста-
рында жатқан шынайы мағынасы мен мәнінің түсінілуін
қалайды:
«Ей, бауырым! Қисса бір өлшегіш сияқты, мағынасы
- ондағыдән... Ақылды адам дәнді алады, өлшегіш бар ма,
жоқ па оған қарамайды!»
«Хикаяны тыңца, бірақ дәнді сабаннан ажыратуды
умытпа!
«Менің айткдндарым бос, әншейін хикая емес. Ойлан:
бұл - сені мен менің қазіргі халіміз».
Осы сөздерден түсінікті болғанындай, Хазіреті Мәуләнә
өз хикаяларында көптеген насихаттар мен үндеулердің бар
екендігін, сондықтан келтірілген мысалдардың сыртқы
мазмұнына тіреліп қалмай, негізгі мағынасын түсіну керек-
тігін айтады.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) хикаялары мен
сөздерінде, таза көңілге ие болудың тек пайғамбар ізі-
мен жүрген кәміл мүршидтің тәрбиесінде болу арқылы
мүмкін болатындығын жеткізеді. Адам нәпсінің кедергі-
сінен құтылмай - ілімі парасаттылыққа кетерілмейтінді-
гін, жаратылыс мақсаты мен адамдық қасиетіне қауыша
алмайтындығынжәнеөзініңқұпиясынашаалмайтындығын
тілге тиек етеді. Нәпсінің қатерінен қорғану үшін иләһи
- 9 -