Хикмет
баспа үйі
АЛҒЫ СӨЗ
Біздерді иманның шабыты мен шаттығына бөлеген
Аллаһ Тағалаға мадақ!
Адамзатты қараңғылықтан шығарып, нұрға беле-
нуіне дәнекер болған әлемнің мәңгілік мақтанышы -
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) салауат!
Хақ Тағала "сырат мұстақимдегі" барлық мүминдерге
жол көрсеткен қадірменді сахабалар мен үлы әулиелердің
терең руханиятынан жүрегімізге пәк несібелер мен нұрлы
шықтар нәсіп етсін!
Әмин!
Хазіреті Мәуләнәның жеті жүзден астам жыл бұрын ын-
тамен және ғашықтықпен жазған Мәснәуи шәриф шүбәсіз,
өлмейтін көңіл туындысы ретінде, сол күннен бері көңіл
төрінен орын тепкен.
Өйткені, көңіл топырақтың астында қалай шірімей-
тін болса, көңілден шыққан туындылар да сол сияқты,
мәңгілікке айналады. Кеңіл ерлері қызметтерін бәрзах
әлемінде де жалғастырып, ортамызда өмір сүреді. Олар тірі-
лерден де үзақ өмір сүреді. Олардың фәни денелері топырақ
болғанымен, көңілден шыққан туындылары қияметке дей-
ін ешқашан өлмейді.
Осы несібе арқылы Раббыға қауышу - тек қана байлық
пен дүниелікті жүрегінен тыс үстаған және атақ-абыройға
бас имеген көңілімен иләһи ерікке (Құдайдың бұйрығына)
мойынсүнған қас құлдарға тән.
Міне, Хазіреті Мәуләнәға да, оның кітабы Мәснәуиға да
осы сипатпен қарау керек.
- 5 -