Previous Page  6 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

хани саяхатында жеткен айбынды ақиқаттардан барлық

адамдардың түсінігі мен қажеттіліктеріне қарай жазылған

бір сый.

Сонымен қатар Мәснәуи - Хазіреті Мәуләнәның көңіл

қайғысынан тасып тегілген бір жан дауысы. Ол осы

айғайымен, қайғысын бөлісетін көңіл таба алмағаны себеп-

ті, жоғалтып алған Шәмсі үшін үнемі қасірет шеккен.

Хазіреті Мәуләнә Мәснәуиді былай тамамдайды:

«Мәснәуи - ақиқатқа жетіп, иләһи сырларды білгісі кел-

гендер үшін нұрлы жол».

Кония қаласы климатын, түрін, үйлесімділігін содан

алған. Оның фәйзіне бөленгелі жеті ғасыр болды. Хазіре-

ті Мәуләнә, Мәснәуи және Кония, бейне бір мағынаның

әртүрлі атаулары іспеттес. Біреуі айтылса, басқалары еске

оралады.

Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) басынан еткізген,

сезген көңіл ғажайыптарын (халдерін) кітапқа түсіріп,

адамзатқа үлкен бір сыйлық етіп қалдырған. Мәснәуидің

мазмұнын оның мына екі шумағымен қысқаша баяндауға

болады:

«Егер де сенің көңілің бар болса, көңілдің Қағбасына

тауап қыл! Топырақтан, тастан жасалған Қағбаның негізгі

мағынасы да - көңіл».

«Аллаһ Тағала кірлерден тазарған, арылған көңіл

Қағбасына қол жеткізсін деп көрінетін, білінетін Қағбаны

тауап етуді парыз еткән».

Мәснәуи - терең сырларға толы сыр кітабы. Адамның та-

нымы мен адам рухының сөзбен сызылған бейнесі. Хазіреті

Мәуләнә адам рухының түбіне сүңгіп, жан-дүниесін кер-

ген. Міне Мәснәуи - осы зерттеу мен жаңалықтардың хаба-

ры. Хазіреті Мәуләнә төмендегі шумақтарында жаратылыс

сыры мен өз жан-дүниесін қандай тамаша көрсетеді:

«Мен құл болдым, құл болдым, құл болдым».

«Мен әлсіз құл, құлдығымды атқара алмағандығымнан

- 7 -