Previous Page  7 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

ұялдым. Сөйтіп, мен басымды идім».

«Әрбір құл азаттыққа шыққан кезде қуанады. Иләйым!

Мен болсам, саған құл болғаным үшін қуандым...»

Бұл сөздер Хазіреті Мәуләнәның құлдық ынтасы мен

шабытын көрсетуге жеткілікті. Онсыз да Аллаһ Тағала

адамның жаратылу мақсатының да құлдық екендігін былай

баяндайды:ِ

ُون

�ُ�ْ�َ�ِ� �

�ِ

َا

�ْ�ِ�ْ

وَ ا

�ِ�ْ�

ُا

�ْ�َ�َ� �َ�َ

و

«Мен адамдар мен жындарды тек қана маған құлшылық

етсін деп жараттым!»

(Зәрият, 56)

Мәснәуи Хазіреті Мәуләнәның мүриді Хұсамәддинмен

болған сұхбаты. Сонымен басталады, сонымен жалғасады.

Екеуінің біреуі болмаса, рухани қатынас тоқтайды. Байла-

ныс үзіледі. Біріксе, көңілдері толады. Шумақтар бірінен

соң бірі төгіле бастайды.

Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ):

«Мен бұлМәснәуиді Хұсамәддинге арнап жаздым!» - деп,

сырын қалаған ауқымда аша алмағандығына қынжылады.

Өйткені, Шәмс сияқты ғашықтықтың теңізінен айырылып

қалған. Кім білсін, Хазіреті Мәуләнә Мәснәуи кітабын Ха-

зіреті Шәмспен бірге жазғанда әлі қаншама сырларды паш

ететіншумақтар өмірге келіп, олардан буырқанған бұлақтар

ағар ма еді.

Хазіреті Мәуләнә бағытында болған Фәридұддин Аттар

(құддисә сирруһ) да тура сол сияқты өзін түсінетін және сы-

рын сақтай алатын дос таба лмағандығына қынжылады.

Мына сөздері арқылы, бейне бір, әрі өзінің, әрі Хазіреті

Мәуләнәның халін баяндайтын секілді:

«Мен сыр әлемінен ұшқан бір құс едім. Төменнен

жоғарыға бір жем алып келу үшін (сырымды түсінетін бір

дос табу үшін). Бірақ, сырды сақтай алатын ешкім таба ал-

- 8 -