Хикмет
баспа үйі
ғана болған бір әулиені салыстыруға бола ма екен?!» - деп,
ашу шақырады.
Шәмс Тәбризи еш қысылмай, сұрағын былайша
түсіндіреді:
«Олай болса, Баязид неге Раббысынан жәһәннамға
түсуін және ол жерде денесінің басқа күнәһарларға орын
қалмайтындай дәрежеде үлкеюін сұрап, бірақ кішкентай
ғана иләһи көрініс алдында: "Атағым қандай үлкен! Өзімді
пәктеймін де мадақтаймын!.». десе; Хазіреті Пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сансыз көріністерге ие бола
тұра үлкен қарапайымдылық танытып, қол жеткізген
нығметтерін жеткілікті санамай, Раббысынан сұрай бер-
ді, сұрай берді?»
- дейді.
Бұл түсініктеме Хазіреті Мәуләнәны тек қана ақылмен
жеткен сыртқы ілімніңшегіне жеткізеді. Осындай дәрежеде
тұрып бұл сұраққа жауап беру мүмкін емес еді. Шәмс хал
қаруымен оны одан әріге итермелейді. Алды ұшы қиыры
жоқ «ләдүн әлемі». Осылайша Шәмс, алдындағы адамды
бойында бола тұра өзі білмеген рухани бір атмосфераның
көкжиегіне қарай аса жылдамдықпен көрегенділік саяха-
тына шығарады.
Осы бір сәттегі өзгерістің әсерінен Хазіреті Мәуләнә
алдында оқыған сыртқы ілімнің бір талқыламасын
айтқанындай қиналмастан, былай деп жауап береді:
Баязидтің: «Атағым қаңдай үлкен; өзімді пәктеймін де
мадақтаймын! Мен сұлтандардың сұлтанымын!» сөзі бір
тоқтық халін білдіреді. Яғни оның рухани шөлі кішкентай
ғана көрініспен қанды. Рухы енді сұрамайтындай болды.
Масаңдыққа салынды. Мұхиттың сиымдылығы шексіз,
бірақ одан шөл кондырушының шамасы осынша ғана еді.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бол-
са, َ
ْرَك
�َ�َ �َ�ْ
َح
�ْ�َ�ْ �َ�َ
ا
сырына жеткен еді. Көріністер оны
жан-жақтан қоршады. Бірақ әлемдей кең жүрегі бір түрлі
- 13 -