Previous Page  18 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 19

Ғашықтардың бас тәжі Хазіреті Фатима анамыз,

Пайғамбарымыз ақиретке көшкен кезде былай деді:

«Әлемнің Нұры ақирет әлеміне көшкен кезде мені сон-

дай бір ауыр қайғы басты. Егер ол қараңғылыктың басына

келсе оның түрі өзгеререді».

Міне осы махаббат пен ғашықтық жолымен жүрген Ха-

зіреті Мәуләнә да Шәмстен айырылып қалганда оған де-

ген ынтықтығынан күйіп жанды. Оның осы айырылуы

мен ынтықтығының нәтижесінде 26 000 жолдан тұратын

Мәснәуи жарыққа шықты.

Мұндай айырылудың сырын ең айқын сезімімен Хазіреті

Мәуләнә ұсынған еді. Оның:

Мағрифатқа ие адамды көрсететін сыбызтыны тыңда!

Айырылудың шағымының қасіретін іш! - деп басталған

Мәснәуи кітабы - негізінде, бір тамаша сағыныш зары.

Мұхаммеди НұрХазіреті Мәуләнәға Шәмсарқылы беріл-

гендіктен, Шәмстен айырылғаны ол үшін үнемі қасірет

болған.

Оны шексіз руханият дариясында көңіл сапарына

шығарған Шәмс Тәбризи болғаны үшін, рухы өмір бойы

жарықтың айналасындағы көбелек сияқты оған құштар бо-

лып, соны іздейді. Олмәжнүн сияқтыбір түрлі жете алмаған

Ләйләсымен лаулап жануға міндетті болған.

«Шәмс аман!» деген адамға үстіндегісінің бәрін беретін.

Достары мұның жалған екендігін айтқанда:

«Мен оның өтірігіне мыналарды бердім. Шындығына

жанымды берер едім,» - дейді.

Хазіреті Мәуләнә осы сағыныш отына жанған көңіл

қасіретін былайша баяндайды:

«Менің ішкі жан-дүнием неге жылайды?» «Менің

қайғым мен ауыртпалығымды кім біледі?»

«Барлық адам мені өз қабілеті мен икемділігіне қарай

тыңдайды. Жаман адам мені өз сезіміне қарай жорып, со-

лай түсінеді. Хақ жолындағы адам болса мен арқылы ру-