Хикмет
баспа үйі
- 23
«Әрі жанды Аллаһ алады емес пе - өлім қас қулдар үшін
шекер сияқты тәтті екенін біл».
«Сондай-ақ өлім от болса да, Аллаһ достарына гүлстан
сияқты өмір нәрі».
«Өлімді қорқынышты қылатын, оны қиындататын
мына тән қапасы. Тәнді бір қабық сияқты сындырсаң,
өлімнің інжу тәріздес екендігін сен де көресің!»
Аллаһ достарының ең маңызды ерекшеліктерінің біре-
уі иләһи махаббатқа белену. Хазіреті Мәуләнә да мына бір
бәйтінде, рухында алаулаған ғашықтық отының өліммен де
сөнбейтіндігін былайша жеткізеді:
«Өлімімнен кейін менің қабірімді ашып, ішімнің алауы-
нан жанған кебінімнен қалай түтін шыққанын көр!»
Осы сөздерінен байқалған ғашықтық халімен Хазіре-
ті Мәуләнә, өмір бойы үнемі осылайша лаулаған нағыз
ғашықтарды іздеген. Ол былай дейді:
«Маған, ішіндегі алаудан қиямет болып, көңілінің жа-
лынымен отты да күл ететін ғашықтар керек! Көк, оның
күнді солдыратын нұрына қарап, «Машаллаһ, Машаллаһ!
(бәрекелді, бәрекелді)» деуі керек!»
Ұстаз М. Әсғат Әрбили (құддисә сирруһ), осындай
ғашықтардың рухани мәртебесін баяндаған бір шумағында
былай дейді:
Ne m
ü
mkin bunca ate
ş
le
ş
ehid-i
ış
k
ı
gast etmek
Cesed ate
ş
kefen ate
ş
hem ab-
ı
ho
ş
g
ü
var ate
ş
(Осыншама отпен ғашықтық шейітін жуу мүмкін бе? Тән
от, кебін от, шейітті жуатын жағымды тәтті суда от!)
Өлім төсегіндежатқан бір ғашықтан: «Өлім сәтінде қалай
күлесің?» - деп сұрайды. Ғашық былай деп жауап береді:
«Ұшып барам. Қазір барлықденем ауыз болып күлімдеп
тур! Қазір ернім басқаша күледі!»
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Өлген кезде күлмеген адамды "шамға" ұқсатпа!