Хикмет
баспа үйі
- 29
Бәдәуи құмыраны киізге орап, аузын мықтап жапты.
Арқасына салып, Бағдатқа жол тартты. Ыдысы сынба-
сын, ұрылардың қолына түспесін деп, күндіз-түні көзінің
қарашығындай қорғады. Күндер, апталар өтіп, Бағдатқа
келді. Сұрай-сұрай, Халифаның сарайын тапты. Есікке
жақындады. Сақшылар не қалайтындығын сұрады. Пақыр
бәдәуи:
«Ей, құрметтіжандар!Менбишара бәдәуимін.Патшаның
мейірімінен үміттеніп, шөлден келдім. Мына сыйлықты
оған алып барыңдар, патшадан сұраушының қажеттілігін
орындаңдар! Тәтті, дәмді су. Шөлде жаңбыр суларынан
жиналған көлден алынған. Құмырам да тамаша, жап-жаңа»
- деді.
Халифаның адамдары бұл пәк, таза жүректі бәдәуиге
алдымен күлсе де, кейіннен оның осы жақсы ниетпен без-
ендірілген сыйлығын шын жүректен қабыл алды. Бәдәуи
сарайдың тура қасында гүрілдеп аққаң Дижләдан бейхабар,
күтіп түрды.
Бәдәуидің су құйылған ыдысы Халифаға ұсынылғанда,
бұған Халифа разы болып, бәдәуиді құзырына қабылдады.
Оған шапан кигізіп, көңілін аулады. Нөкерлеріне:
«Құмыраны алтынға толтырып, оған беріңдер. Қайтарда
оны кемемен Дижлә жолынан апарыңдар. Ол шөл жолынан
келген екен. Дижләнің жолы еліне төте. Осы жерден еліне
қайтсын!» - деген әмір берді.
Бәдәуи кемеге мініп Дижләні көргенде таң-тамаша бол-
ды. Негізгі таңданғаны осыншама суы мол Дижлә өзені
тұрғанда Халифаның бір ыдыс шөлдің суын қабыл алуы еді.
Аллаһқа шын жүректен шүкіршілік етті.
МӘСНӘУИ:
«Ей, ұлым! Бүкіл дүниені аузына дейін ілімге, сұлулыққа
(әсемдікке) толы бір ыдыс деп біл. Бірақ, осы ілім мен
әсемдіктің жарыққа шығуы затының қажеттілігі бо-