Previous Page  27 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 282 Next Page
Page Background

- 28

Хикмет

баспа үйі

тұр ғой көңілім бейбітшіліктен де қорқады. Үндемегенің

жақсы, егер сөйлей берсең, қазір үй-жайымды тастап, соқа

басым кетіп қаламын!»

Әйел, күйеуінің осы ажырасу сөздеріне жылап, көз жа-

сына булықты, өкінішін білдірді. Менмендігін тастап,

жоқшылықтың жолына түсті де, күйеуіне өкінішпен:

«Мен әйел емес, сенің аяғыңның тозаңымын. Тәнім, жа-

ным, бар-жоғым бәрі сенікі. Сен үшін бір рет емес, әр сәтте

сан мәрте өлемін. Сенің маған айтқан сөздеріңнен енді жан-

нан да тәннен де баз кешемін.

Негеайырылутуралыайтасың?Ендіқарсыкеліп,айыпта-

уды тастадым. Шын көңіліммен кешірім етінемін. Өйткені,

сенің патшалық мінезіңді біле алмай, саған опасыздық ет-

кен екенмін. Бірақ, енді үлкен өкінішпен саған басымды ие-

мін. Қаласаң кес, қаласаң аяғыңмен тапта мені» - деді.

Одан кейін еңіреп жылады. Сол көз жасы жаңбырының

арасынан бір найзағай ойнады. Сол найзағайдан теңдессіз,

сенімді бәдәуидің көңіліне шоқ түсті. Ақыры бәдәуи,

әйелінің көз жасына шыдай алмады, айтқан сөздеріне де

өкінді.

Оның мейірімді көңіліне ұялаған өкінішін сезген әйел

күйеуіне былай деп ақыл айтты:

«Құмырамызда жаңбырдың суы бар. Мал-мүлкіміз

де осы. Осы ыдысты алып, патшалардың Патшасының

құзырына кір, сыйға тарт! Және былай де:

«Біздің осыдан басқа ешбір мал-мүлкіміз жоқ, шөлде

осыдан жақсы нәрсе болмайды. Патшамыздың қазынасы

болғанымен, осындай суы жоқ. Бұндай су сирек болады».

Бишара әйел Бағдаттың ортасынан шәрбәт сияқты

Дижлә өзенінің ағып жатқанын қайдан білсін, құмырадағы

суын сүйіп тұрды.

Күйеуі де мақтауға араласып:

«Мұндай сыйлықты кім ұсынады? Расында біздің бір

құмыра жаңбыр суымыз тек патшапарға лайық!» - деді.