Previous Page  17 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 282 Next Page
Page Background

- 18

Хикмет

баспа үйі

Мәуләнә:

«Осыданкейін сеніңменіжетелеп әкелгенләдүн әлемінде

мансап іздеп жүрмін. Бұрынғы болмысыма тән барлық

нәрсені тастадым, олар артта қалды! - деді».

Шәмс:

Қолың, қанатың бар! Мен саған қол, қанат бере алмай-

мын! - деді».

Мәуләнә:

«Осыдан кейін сенің қол мен қанатың болу үшін, қолым

мен кднатымды сындырдым - деді».

Осы шешімдерден кейін міндетінің аяқталғандығын

түсінген Шәмс, оған иләһи көріністерге толы мәңгіліктің

көкжиегінде күйіп өртенуі үшін бір кднаттақты... Өйткені,

оны қауышуданайырып, іңкәрліктің берекелі атмосфера-

сында жалғыз өзін қалдырған еді.

Мұсылмандардың иман нұры Хазіреті Омардың Ис-

ламды қабылдауымен қалайша күшейсе, Шәмс Тәбризи

Хазіретінің рухани міндеті Хазіреті Мәуләнәмен солайша

аяқталған еді. Сол сәтке дейін кімнің әлемнің шәйхы екен-

дігін білмеген Хазіреті Шәмс Хазіреті Мәуләнәның махаб-

бат сәулесімен жарқырап, аты аңызға айналды. Бұл екі

үлкен мүршидтің бір-бірлеріне деген сүйіспеншіліктері мен

құрметтері шынайы мүрид пен мүршид арасындағы халді

қандай тамаша көрсетеді.

Хазіреті Шәмстің Хазіреті Мәуләнәға берген сыйы

мақрүмдық, ынтызарлық қасірет және махаббат қана еді.

Осы махаббат пен ынтызарлық қасіреттің ең тамаша үлгісін

пайғамбарымыз дәуірінде Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу

анһу) мен Хазіреті Фатиманың (радиаллаһу анһә) өмірінен

байқаймыз.

Хазіреті Әбу Бәкір Сыддық Пайғамбарымызбен

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрбір кездескен сайын өзгеше

бір ынта мен құштарлық халін басынан кешіретін. Қасында

болса да, Оған деген махаббаты мен ынтықтығы басылудың

орнына, одан бетер арта түсетін.