Previous Page  15 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 282 Next Page
Page Background

- 16

Хикмет

баспа үйі

ғалым, фақих, өзгеше бір заңгер болған жоқ. Сыртқы ілімі

өзгерген жоқ. Бұлар артта қалды.

Жәләладдин Руми Шәмспен кездескеннен кейін нағыз

Мәуләнә болды. Ол Шөмспен кездеспей түрғанда бір ғалым

еді; кездескеннен кейін ғалым - ғашық, көңілі отты ариф

болды.

Мәуләнә (құддисә сирруһ):

«Ғашықтыққа жетер мұғалім жоқ!» - дейді.

Ол бұрынғы ғалым болған кезін «шикі едім» деп сипат-

тайды. Кейінгі халін, ғашық ғалымға айналғанын сондай-

ақ, кәмілдікпен және салмақтылықпен сипаттайды.

Негізгі мәселе - «Шәмс Мәуләнәға не берді? Не үйретті?»

- деген сұрақтардың жауабы. Бұл - Шәмстің оған ақылдың

тұтқынынан құтылудың жолын үйретуі. Өйткені, ақылдың

шегі белгілі. Арғы жағы - адасу. Көңілдің шегі жоқ,

мәңгілік. Саябыр табар жері - фәнә филлаһ.

Шәмс Жәләладдин Румиге өзін, яғни қолындағы

құндылықтарды, танытып, аяғындағы кісенді шешті.

Өйткені, Мәуләнә ұшуға әзір бір қыран еді. Шәмс оның

аяқ бауын ағытты. Оған көңіл терезесінен арғы жақты

көрсетті.

Осыдан

кейін

Хазіреті

Мәуләнә,

жарықтың

айналасындағы көбелек сияқты, Шәмстегі көріністің жете-

гіне еріп алаулап жана бастады.

Хазіреті Мәуләнә Диуан Кәбир кітабында Шәмспен

болған оқиғаны былайша баяндайды:

«Шәмс Мәуләнәға:

«Ғалымсың, басшысың, жол сілтеушісің, салтанат

иесісің!» -деді».

Мәуләнә Оған:

«Осыдан кейін сыртқы әлемнің ғалымы емеспін, басшы-

сы емеспін, жол сілтеушісі емеспін. Сен жаққан шырақтың

жарығында ақылдан тыс бір әлемде пақыр әрі ғаріп жолау-

шымын» - деді».