Хикмет
баспа үйі
- 21
Бірақ, барлық адамның басындағы бұл ақиқат тәфәккүр
мен сезімталдық жөнінен ерекшеленіп, кәміл адам халіне
келген кезде жарыққа шығады. Яғни, түсінілетін болады.
Сондықтан да жоғары әрі кәміл адам әрбір қараған же-
рінде, әрбір көрген нәрсесінде иләһи хикмет пен сырларды
тамашалаған адам. Иләһи сырлар мен өнерді көріп, Хаққа
деген махаббаттың ең отты халіне бөленбеу мүмкін бе?
Сол үшін Мәуләнә (құддисә сирруһ) кәміл адам бола ал-
май, иләһи сырларды түсінбегендерге қиналады. Іші күйеді.
Сондайхалды басынан кешірген қайғылы Юнустың:
Мен бір ғажайыппын,
Ешкім менің халімді білмес!
Мен сөйлеймін, мен тыңдаймын,
Ешкім менің тілімді білмес!
Менің тілім - құстың тілі.
Менің елім - достың елі.
Мен - бұлбұлмын, досым - гүл,
Менің гүлім солмайды, біліңдер - түрінде баяндаған
бір рухи халде өзіне жұбаныш көзін іздейді. Бір бәйітінде
(шумақ) былай дейді:
«Кәһф иелері өздерін естімейтін, түсінбейтін сезімсіз
бір қауымның ішінде қалғандықтан ұйықтады. Рухани
жамағат пайда болған кезде оятылды».
Сондай-ақ Хазіреті Мәуләнә дұрыс және терең түсіну
турасында ықтияттылығы соншалық, Мәснәуидің алғы
сөзінде былай дейді:
«Көңілі таза әрі сезімтал болғандар мен ақиқатқа ынта-
лылардан басқасының Мәснәуиге тиісуіне рұқсат жоқ».
Өйткені Хазіреті Мәуләнә да көптеген ақиқат
жолындағылар сияқты, өзін және сөзін қате түсініп,
қазбалаған адамдарға ескерту ретінде былай дейді:
«Бұл жан осы тәнде түрған кезде Хазіреті Құранға
құлмын; Хазіреті Мұхаммед Мұхтардың (саллаллаһу