Previous Page  16 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 17

Шәмс қайтадан:

«Сенде әлі ақыл бар! Сол себепті диуана бола алмағаның

үшін бұл үйдің тұрғыны емес, бөтенсің! - деді».

Мәуләнә да:

«Осыдан кейін ақылыма көңіліммен бүркеніш жаптым.

Диуана болдым, Сеніңкөмегіңмен енді осыәлемнің тұрғыны

болдым! - деді».

Шәмс тағы да:

«Сенде ес бар! Мас емессің! Бұл әлемнен тысқарысың! Бұл

әлемге жарық беретін ақыл емес, ғашықтық. Көз алдыңды

көре алмайсың! - деді».

Мәуләнә Шәмсқа:

«Осыдан кейін сенің жәрдемің арқылы бастан - аяқ от

болдым. Жан-жағымды ғашықтық пен мастық жаулап

алды! - деді».

Бұл жолыШәмс:

«Сен бір жамағаттың шам-шырағысың! Орның жоғары!

- деді».

Мәуләнә болса:

«Енді Бұл шырағым сөнді. Мен үшін олардың,

жарқырауық қоңыздың жанып-сөнген жарқылынан

айырмашылығы жоқ!, Енді басқа шырақтың жарығымен

жүремін! - деп жауап қатты».

Шәмс:

Сен өлген жоқсың. Сен сырттай тірісің! Бұл есіктің арғы

жағына бұлай өтуге болмайды! Фәни болмысыңды, барлық

атақ-абыройыңды тәркі етуің керек - деді».

Мәуләнә:

«Ол бұрын болатын! Сені танығаннан бері адамдар білген-

дей тірі емеспін. Басқа тіршілікке қауышып, өлдім! - деді».

Шәмс оған:

Әлі нәпсіңе сүйенесің! Атақ-мансабың жойылған жоқ!

Осылардан құтыл! - деді».