Хикмет
баспа үйі
ХАЗІРЕТІ МӘУЛӘНӘ, ШӘМС ЖӘНЕ ШӘБИ-АРУС
«Өлі едім; тірілдім,
Көздіңжасы едім; қуанышқа бөлендім.
Ғашықтық дариясына шомылдым,
Ақыры бақи мекенге жеттім».
Хазіреті Мәуләнә
Мәуләнә Жәләладдин Руми отбасымен Конияға
орналасқан соң, оқуын тәмәмдау үшін Халеб пен Шамға ба-
рады. Сол кезде шамамен отыз жаста болатын.
Бір күні Шамның иін тірескен базарынан өтіп бара
жатқанда өзгеше киінген бір адам:
«Әкел қолыңды сүйейін, ей, әлемдердің зергері!» - дейді.
Жәләладдин Румидің қолына жабысып, құшырлана
сүйеді. Сосын бірден қалың адамның арасына сіңіп кетеді.
Жәләладдин Руми күтпеген бұлжағдайға қатты таңқалады.
«Бұл не іс?» - деп, қайран қалады. Ғажайып ерекше адам ол
үшін бейне бір тылсым сияқты болады.
Көп жылдар өткен соң Жәләладдин Руми бір күні
Кониядағы медресесіндегі дәрістен шығып, шәкірттерімен
сұхбаттасып отырғанда, алдында Шамда қолын сүйіп, өзін
қайран қалдырған адамды көреді. Бұл адам Шәмс Тәбризи
еді. Ол да Жәләладдин Румидің сұхбатына қатысады. Ерек-
ше толқып, оған мынадай ғажайып сұрақ қояды:
«Баязиди Бистами үлкен бе, әлде Хазіреті Мұхаммед
Мұстафа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үлкен бе?»
Мөуләнә Хазіреті үрейленіп:
«Бұл қандай сұрақ?! Әлемге рахмет ретінде жіберілген
ұлық пайғамбар мен барлық жетістігі тек оған мойынсұну
- 12 -