Previous Page  85 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 85 / 282 Next Page
Page Background

- 86

Хикмет

баспа үйі

ба

қолдарының жарылғандығын айтып Аллаһ Расулына

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көрсетіп көмекші сұраған

еді. Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Суффа сахабалары осынша пақыр өмір сүріпжатқанда,

Бәдір шейіттерінің жетімдері аянышты жағдайда

жатқанда, сен кдлай осындай нәрсе сұрайсың?»

- деді.

Қазіргі кезде біздің, жүз жылдықтың ең ауыр

зұлымдығына тап болып аш-жалаңаш, панасыз, отынсыз

еңіреген бауырларымыздың алдында Ислам бауырластығы

деген түсінігіміз, қайғысына ортақтастығымыз, нәпсімізден

жырып беруіміз бен кісілігіміз қандай жағдайда?

Тамағымызды қанша күн қанша пақырмен бөлістік?

Қанша ғаріптің не науқастың ауруына дауа болдық? Қанша

қайғылының қайғысын сейілттік? Қанша бишараға жылы

жүзбен жүбаныш, қуаныш сыйладық? Қанша адасушыға,

сенім мен жан дүниемізді ашып соның дүрыс жолға келуі

үшін күрестік? Осы дүниенің сахнасында неге жүрміз?

Келуіміздің сыры мен кетуіміздің жағдайын неге ойламай-

мыз? Ертеңдер бізді қалай қабылдайды? Күн сайын бізге бе-

рілген жиырма төрт сағаттық уақыт нығметінің қаншадан

қаншасын жан дүниемізге арнаймыз? Халіміз бізді ұждан

жауапкершілігіне апара ала ма?

Уа, Раббым! Бізді шынайы ғашықгық пен махаббатқа

толы қас құлдарыңнан етіп, барлығымызға Хазіреті

Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) исар сезімі-

нен нәсіп алуға жеткіз!

Әмин!