- 90
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) адамның жастық,
сергектік және тың кездері мен оның соңындағы күтілмеген
сыйлықтар жиынтығын және уақытша ермектерін мына
мысалдар арқылы түсіндіреді:
«Ей, көктем сұлулығына таң қалған адам! Бір сәт
күздің сарғайған халі мен суығына қара!»
«Таң шапағы туғанда әсем күннің туғанын көрген кез-
де, батқан уақы-ты оның өлімі болып саналатын батуын-
да есіңө ал!»
«Мына тамаша айлы түнде толған айдың әсемдігін
көресің. Енді бір сәт оның ең соңында тап болған әлсіздігі
мен толған кезіне дейінгі сағынышын ойла!»
«Адамның басынан да осы оқиға өтеді. Кемелдігі мен
сұлулығы бір күні батады».
«Сүйкімді бала бір қарасаң сүйкімділігімен халыққа
сүйікті болады. Бір аз уақыттан кейін, алжыған қартқа
айналып халыққа масқара болады!»
«Егеркүмістәндісұлуларсенібаурапалса,қартайғаннан
кейін мақта егілген жерге ұқсаған тәнге қара!»
«Ей,майлы-тәттітамақтарментамашатамақтарды
көріп тамсанған адам! Тұрып әжетханаға барып, оның
ақырғы халін сол жерде көр!»
«Нәпсіңе айт: Сенің сол әсемдігің, табақтағы дәмің
және тамаша иісің қайда?»
«Ол саған: Әлгі айтқан нәрселерің гүл еді. Мен құрылған
тұзақ едім. Сен келіп түзаққа түскен кезде, гүл қураған
шөпке айналады».
«Ұсталарды сонша таңқалдырған шебер қолдар, кейін
дірілдеп қалады».
«Сондай-ақ наргиздей әдемі көздің соңында солып, суына
бастағанын көресің!»
«Сол сияқты арыстандардың сапындағы арыстан
сияқты ер жігітте бір күні тышқан сияқты әлсіз біреуден
жеңіледі».