Previous Page  166 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 166 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 167 -

тастай жүрекгерге де руханиятқа қабілеті бар болса - Хазі-

реті Дәуіттің темірді жұмсартқанындай әсер етеді.

Әбу Дәрда Хазіреті Шамда қазы болатын. Бір күні

қаланы аралап жүріп, халықтың жаман ауыр сөздермен бір

күнәһарды балағаттағанына куә болады. Олардан:

«Сендер құдыққа түскен адамды көрсеңдер, не

істейсіңдер?» - деп сұрайды.

Ол жердегілер:

«Жіп салып, құтқаруға тырысамыз!» - десті.

Сонда Әбу Дәрда Хазіреті:

«Олай болса, күнә құдығына түскен адамға неге мейірім

көрсетпейсіңдер? Оған да бақыттылық жібін салып, ішіне

түскен пәлекеттен құтқарсаңдаршы!» - деді.

Сонда біреуі:

«Аллаһ Тағала күнәһарларды жәһәннаммен қорқытып

отырғанда осы күнәһарға дұшпандық сезінбейсіз бе?» - деп

сұрады.

Расулұллаһтың

(саллаллаһу

аләйһи

уә

сәлләм)

тәрбиесінде ескен дана сахаба Бұл сұраққа былай деп, жа-

уап берді:

«Иә, дұшпандық сезімім оянады, бірақ мен оның өзіне

емес, істеген жаман істеріне дұшпанмын».

Хазіреті Мәуләнәның жаратушы үшін жаратылғандарға

сүйіспеншілік, махаббат пен мейірімнен туындаған сезім-

мен Раббысына жасаған мінәжаты қандай тамаша:

«Раббым! Егер сенің мархабатыңды тек салихтар ғана

үміт етуі керек болса, күнәһарлар кімді паналайды?»

«Ей, ұлы Аллаһым! Егер сен тек қана қас құлдарыңды

қабылдайтын болсаң, күнәһарлар кімге жалбарынады?

(Әлбетте, сен, мейірімділердің ең мейірімдісісің!)»

Хазіреті Мәуләнәның хикаясында айтылған ұйыктап

жатқан адам - ол ғапыл адам. Аузына кірген қара жылан