- 168 -
Хикмет
баспа үйі
болса - нәпсі әммара. Әмірші болса - кәміл мүршид. Оны
ұйыктап жатқанда қамшымен ұра-ұра оятып, жазықга
жүгіртуі, риязат (нәпсі тәрбиесі) пен күрес. Жыланның
шығуы - нәпсі әммарадан кұтылу.
Қасиетті Тува ойпатында Аллаһ Тағала Мұсамен
(аләйһиссәләм) сөйлескенде одан:
«Оң қолыңдағы нәрсе не?» - деп сұрайды. Ол:
«Ол менің таяғым. Оған сүйенемін, онымен қойларыма
жапырақ түсіремін. Ол басқа жақтардан да маған қажет»
- (Таһа, 18) деп жауап береді.
Сонда Аллаһ Тағала:
«Оны жерге таста, ей, Мұса!»
- (Таһа, 19) деп бүйырды.
Кейбір тәпсіршілер ишари мағынада Бұл аят кәримәнің
Хазіреті Мүсаның жан дүниесімен байланысты жол керсету
бабында екендігін айтқан.
Мұса (аләйһиссәләм) фәни байланыстарды айтқан кез-
де Аллаһ (жәллә жәләлуһу) бұларды тастауды әмір етіп,
бұйырды. Нәпсі мен нәпсіге байланған нәрселер үлкен
жылан болып көрінді. Хазіреті Мұсаға нәпсінің ақиқаты
көрсетілді. Қорқып, одан қашты. Оған:
«Ей, Мұса, міне, бұл жылан Аллаһтан басқа нәрселерге
байланудың нағыз өзі. Бұл сипаттүрге ендіріліп, иесіне
көрсетілсе, одан қашады,» - делінді.
Басқа бір ишараттық мағынада �
ك
�َ�َ�ِ �ْ�َ
و َا
«Таяғыңды
таста!»
деп әмір етілуі.
«Сен болсаң, тәухид сипатына иесің. Сенің бұл таяққа
сүйенуің, оның сен үшін сүйенетін, одан жәрдем сұрайтын
және пайдаланатын нәрсе болуы, қалай дүрыс және орынды
болады!?Сенқалайшаолтаяқпенбылай істеймін, оныпайда-
ланамын және оның маған басқаша да пайдасы бар дейсің!?
Тәухид жолындағы алғашқы қадам себептерді тәркі етіп, әр
түрлі талап, тілектен бас тарт!» - түрінде түсіндіріледі.
Сондай-ақ Тә'уиләті Нәжмияда былай делінген: