Previous Page  5 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 192 Next Page
Page Background

5

Алғы сөз

Ұлы даланы еркін жайлаған қазақ – сан ғасырдан

бері дін Исламның мәңгілік мұраларына қанығып,

шариғат қағидаларын өмірге тірек етіп келген мұсылман

халық. Ақиқат діннің талаптарын өлеңмен өріп, жас

ұрпақ тәрбиесінде молынан жаратып келген сөзге ше-

бер жұрт. Сондықтан болар, сөз қадірін жақсы білген

момын елдің рухани қоймасы ата дінімізді әспеттеген

небір даналық ойларға толы.

Бір ауыз аталы сөз айтылса, «паһ, шіркін!» деп,

теңізден маржан тергендей бір жасап қалған өрелі

қазақтың діні мен тілі құстың қос қанатындай қатар

қағылып, дамып келген.

Қолыңыздағы кітаптың «Даналық ойдан дән

ізде» деп аталуы тегін емес. Қазақтың би-шешендері

мен ақын-жазушылары айтқан отты лебіздерді жалаң

түсінікпен ұғына алмаймыз. Сырты кестелі, іші зерделі

ой орамдарының байыбына да бірден жету қиын.

Сондықтан даналық ойдың дәндерін терудің өзі сөз

қадірі солғындай бастаған бүгінгі заманда қиынға

соғыңқырап тұрған секілді.

Бұл кітапқа Асылбек Әуезханұлының 2009-2012

жылдар аралығында ұлттың үнжариясы – Қазақ радио-

сында жүргізіп келген қысқа әрі нұсқа уағыздарынының

таңдаулы бір парасы енгізілді.

Бүгінгі күннің талабына сай жасалған бұл

дүниелердің өзіндік ерекшелігі жоқ емес. Біріншіден,

бұл тек аят, хадистерден ғана тұратын бірыңғай діни на-

сихат емес. Тақырыбы айтып тұрғандай, мұнда қазақтың