Previous Page  10 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 192 Next Page
Page Background

10

Даналық ойдан дән ізде

бұтақ салуы, жапырақ жаюы, жеміс беруі Алланың

шеберлігін паш етіп тұрған шындықтар. Хайуанаттар

әлемінен де Жаратушы иеміздің ғажайып кереметтерін

аңғаруға болады. Олардың сыртқы бітіміндегі бірі-

біріне ұқсамайтын үйлесімді сұлулықтары бір бөлек,

әрқайсысының күнделікті қажеттіліктері, қорегі қандай

шеберлікпен жеткізіліп отыр?! Сондай-ақ қасқыр

секілді жыртқыш аңдар болмағанда, жер бетін әлсіз,

аурушаң малдардың өлексесі қаптап кетер еді. Осындай

табиғи тазалықшыларды жаратқан кім? Тіршіліктегі,

міне, осылар секілді теңдессіз жүйеге бағынып тұрған

ұлы үйлесімді Алланың хикметі дейміз. Алла дүниеде

ешбір нәрсені бекер жаратпаған. Адам баласы өз жа-

ратылысына қарап-ақ Алланың ұлы хикметтерін көре

алады. Себебі адам бүкіл жаратылыстың шағын бір

макеті іспеттес. Түптеп келгенде көзі бір әлем, құлағы

бір әлем, бауыр, бүйрек, өкпесі өзінше бір-бір әлем.

Олар да ынтымақтаса отырып өз міндеттерін атқаруда.

Мысалы, адам денесінің бір мүшесі жарақаттанса, сол

жерге зиянды микроптар жиналады. Сөйтіп бүкіл дене-

ге қауіп төнеді. Сол кезде бойдағы клеткалар жиналып,

әлгі қауіпті жердің айналасына берік қамал тұрғызады.

Тосқауылға жолыққан микроптар тұрған жерінен жыл-

жи алмай, қарақошқылданып, жараға айналып, ақыры

денеден аластатылады. Ағзадағы осындай тас-түйін

бірлік те Алланың анық хикметі емес пе? Кісіге берілген

осы секілді көптеген сырлы сыйларға қарап Алланың

құдіретіне бас иеміз. Сөйтіп Алланың жаратқаны ғой

деп адамды сүйеміз.

Иә, кейде әлдекім бізге ұнамауы мүмкін. Біреудің

сөзі, біреудің қылығы, енді біреудің мінез-құлқы жақпай

қалады. Ашуланшақтық, өтірік айту, қызғаншақтық,